Астана мен Алматы өмір сапасының әлемдік рейтингіне енді: Қазақстан қалалары қандай орынға ие болды

28.07.2026

Numbeo халықаралық платформасы әлемнің ең ірі қалаларының өмір сүру сапасын бағалайтын Quality of Life Index Mid-Year 2026 жарты жылдық рейтингін жариялады. Зерттеуге Қазақстанның екі қаласы – Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда, 305 қала кірді.

Рейтинг ашық статистикалық мәліметтер мен платформа пайдаланушыларының бағалауы негізінде қалыптасады. Қорытынды индексті есептеу кезінде сегіз негізгі көрсеткіш ескеріледі: халықтың сатып алу қабілеті, қауіпсіздік, денсаулық сақтау сапасы, өмір сүру құны, тұрғын үйдің қолжетімділігі, күнделікті жұмысқа бару ұзақтығы, қоршаған ортаның ластану деңгейі және климаттық жағдайлар.

Зерттеу қорытындысы бойынша Астана 127,6 балл жинап, 232-ші орынға ие болды, ал Алматы 97,2 индексімен 277-ші орында орналасты.

ТМД елдерінің қалалары арасында Астана Кишинев (237-ші орын), Ереван (240-шы), Мәскеу (241-ші), Тбилиси (254-ші), Баку (264-ші) және Алматыдан (277-ші) жоғары орын алады. Минск (212-ші орын) және Ташкент (215-ші орын) қалалары Қазақстан астанасынан жоғары орналасқан.


1-кесте-Қазақстан мен ТМД қалаларын қоса алғанда, әлем қалаларының Numbeo Quality of Life Index Mid-Year 2026 рейтингіндегі позициялары

Дереккөз: Numbeo, Quality of Life Index Mid-Year 2026

Өткен жылдың жартыжылдық рейтингісімен салыстырғанда Астана мен Алматы өмір сапасының бірқатар көрсеткіштерін жақсартты. Оң серпін халықтың сатып алу қабілеті, денсаулық сақтаудың қауіпсіздігі мен сапасы сияқты құрамдауыштар бойынша атап өтілді. Сонымен қатар, Астанада күнделікті жұмысқа барудың орташа уақыты біршама қысқарды.

Еуропалық қалалар әдеттегідей әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Екінші жыл қатарынан бірінші орынға Гаага (Нидерланды) ие. Бірінші үштікке Эйндховен мен Роттердам да кірді. Еуропалық қалалардың жоғары позициялары халықтың жоғары сатып алу қабілетінің, дамыған денсаулық сақтау жүйесінің, қолайлы экологиялық жағдайдың, жайлы қалалық ортаның және қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің үйлесімімен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері қазақстандық қалалардың халықаралық рейтингтердегі бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру үшін өмір сапасының барлық негізгі құрамдауыштары бойынша кешенді жақсарту қажет екенін көрсетеді. Басым бағыттардың қатарында – тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту, көлік жүктемесін азайту, қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сондай-ақ қалалық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру.

Numbeo рейтингінің нәтижелері өмір сапасы жеке көрсеткіштермен емес, әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық факторлардың жиынтығымен анықталатынын растайды. Қазақстан үшін зерттеу нәтижелері қалалардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын айқындау кезінде қосымша бағдар бола алады.


Жанерке Базарбаева




Қарау саны: 68
Сақталған: 28.07.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!