Бүгін, 2026 жылғы 28 шілдеде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары «Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау сапасын арттыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың 40-қа жуық өкілі қатысты.
Семинардың мақсаты-заң
жобаларын дайындау сапасын арттыру
және олардың әлеуметтік-экономикалық
салдарын бағалау бойынша практикалық
дағдыларды нығайту.
Қабылданатын заң жобаларының
әлеуметтік-экономикалық салдарын
бағалау сол жобаларды енгізу нәтижесінде
халық, бизнес және мемлекет үшін
туындайтын пайда мен шығындарды кешенді
талдау түрінде өтеді. Мұндай бағалау
ұсынылған реттеу шараларының тиімділігін
анықтауға көмектеседі және тұрақты
әлеуметтік-экономикалық даму үшін
қолайлы реттеуші ортаны құруға ықпал
етеді.
Семинар барысында Сараптама
орталығының директоры Карина Тен
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6
сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына және Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру
және өткізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды
іріктеу қағидаларына сәйкес заң
жобаларына ғылыми экономикалық сараптама
жүргізу тәртібін түсіндірді. Қағидалар
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі
№ 135 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223
бірлескен бұйрығымен бекітілген.
Сараптама орталығы директорының орынбасары Айдана Байқанова қатысушыларды Қабылданатын заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау паспортының құрылымымен таныстырып, оның әрбір бөлімін толтыру тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ қатысушылар Паспорт бөлімдерін толтыру бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Практикалық жұмыс қорытындысы бойынша ең жиі кездесетін қателіктер қаралып, заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалауды дайындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Семинар қатысушыларға заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалаудың әдістемесімен және тиімді тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Алынған білім қабылданатын шешімдердің сапасын және осы саладағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.



