Инфляцияны тежеу: Қазақстандағы бағаның баяулауына мемлекеттің шаралары қалай әсер етеді
03.08.2026
Жылдық мәндегі инфляция кейінгі алты айда айтарлықтай баяулады: 2026 жылдың қаңтардағы 12,2%-тен 2026 жылдың шілдесінде 10,2%-ке дейін, бұл экономикадағы инфляциялық қысымның жалпы әлсіреуін көрсетеді. 2026 жылдың шілдесінде елдегі тұтынушылық инфляция: - 2025 жылғы шілдеге қатысты 10,2% (өткен айда 10,3%); - 2026 жылғы маусымға қатысты 0,6% (өткен айда 0,8%). Ең айқын дезинфляциялық серпін ақылы қызметтер мен азық-түлік сегментінде байқалды, онда бағаның жылдық өсуі қаралып отырған кезеңде 12,0%-тен 9,2%-ке және тиісінше 12,9%-тен 10,1%-ке 2,8 п.т-ға төмендеді. Азық-түлік емес тауарлар сегментінде баға серпіні біркелкі емес: кезең ішінде ауытқулар байқалды, бірақ жалпы өсу қарқыны 2026 жылдың қаңтар айындағы деңгейде сақталды. Энергетикалық дағдарысқа байланысты энергия бағасының өсуі тарапынан қысымның сақталуына қарамастан, инфляция төмендеу үрдісін көрсетеді, бұл инфляциялық процестердің ұстамды сипатын байқатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі іске асыратын Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған шаралар кешені Ұлттық банк жүргізетін қатаң ақша-кредит саясатымен ұштастыра отырып, инфляциялық қысымды тежеуге ықпал етеді.
Жиынтығында аталған шаралар өндірістік қуатты ұлғайту және ішкі нарықтың қанықтылығын арттыру есебінен қосымша дезинфляциялық әсерлерді қалыптастырады, бұл соңғы айларда инфляциялық процестердің біртіндеп баяулауынан көрінеді.
Қарау саны: 39 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|