2026 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында жылдық инфляция маусым айындағы 10,3%-пен салыстырғанда 10,2%-ке дейін баяулады. Төменде өңірлік бөліністегі тұтынушылық инфляция серпініне талдау жасалған.
Тұтыну
бағасының ең жоғары өсуі Солтүстік
Қазақстан облысында тіркелді, 12,8%-ке
жеткен бұл өсім орташа республикалық
көрсеткіштен 2,6 п.т-ға артық. Инфляцияның
жоғары қарқыны Ұлытау (12,7%), Жетісу
(12,6%), Ақмола (12,3%) облыстарында да байқалды.
Ең
төмен мәндер Қарағанды облысында (8,7%),
Алматы қаласында (9,0%), Абай облысында
(9,2%) және Жамбыл облысында (9,6%) атап
өтілді, бұл орташа республикалық инфляция
деңгейімен (10,2%) салыстырғанда тұтыну
бағасының анағұрлым ұстамды серпінін
көрсетеді.
Инфляциялық
қысымның сақталуына қарамастан, ағымдағы
серпін еліміздің бірқатар өңірлерінде
баға процестерінің біртіндеп тұрақтанғанын
байқатады. Ірі қалалар мен жеке облыстарда
инфляцияның 10%-тен төмен деңгейде
сақталуы бағаның өсуін тежеу бойынша
жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін
көрсететінін атап кеткен жөн.
