2026 жылғы шілде айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

03.08.2026

Шілде айында жылдық мәндегі тұтынушылық инфляция - 10,2%. Азық-түлік емес тауарлар бір жылда 11,7%-ке өсіп, негізгі өсімді көрсетті.

2026 жылдың шілде айында елдегі инфляция:

- 2025 жылғы шілдеге қатысты 10,2% (өткен айда 10,3%);

- 2026 жылғы маусымға қатысты 0,6% (өткен айда 0,8%).

Жылдық мәнде:

- азық-түлік бағасы 10,1%-ке (0,4% а/а) өсті;

- азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,7%-ке (0,7% а/а) өсті;

- ақылы қызметтердің бағасы 9,2% - ке (0,7% а/а) қымбаттады.


Инфляция қарқынына 40,9% мөлшерінде азық-түлік негізгі үлес қосады (яғни жалпы инфляцияның 10,2%-нен 4,17 п.т. азық-түлікке тиесілі). 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда азық-түлік үлесі 1,7 п.т-ға (39,2%-тен 40,9%-ке дейін) ұлғайды. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда ол 42,3%-тен 40,9%-ке дейін 1,4 п.т-ға төмендеді.

2025 жылы ең көп үлес қосқан ақылы қызметтердің үлесі осы жылы 27,6%-ке жетті. 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі 36,5%-тен 27,6%-ке дейін 8,9 п.т-ға төмендеді. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда ол 26,7%-тен 27,6%-ке дейін 0,9 п.т-ға ұлғайды.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2025 жылғы шілдедегі 24,0%-тен 2026 жылғы шілдеде 32,0%-ке дейін өсті. Сондай-ақ, өткен аймен салыстырғанда 31,5%-тен 32,0%-ке дейін 0,5 п.т-ға өсім байқалды.

Азық-түлік арасында бір жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:

  • Шұжық, ет өнімдері – 15,9%;
  • Ет және құс еті-15,8%;

  • Жұмыртқа – 14,2%;

  • Алкогольсіз сусындар – 13,6%;

  • Ашытылған сүт өнімдері – 13,3%;

  • Ірімшік және сүзбе-11,1 %;

  • Май мен тоң май-10,6%;

  • Сүт-10,2%;

  • Нан және нан-тоқаш өнімдері-9,6%;

  • Қант-6,9%;

  • Жарма-4,9%.

Жемістер, жидектер мен жаңғақтарға жылдық бағаның 0,8%-ке және көкөністерге 10,2%-ке төмендеуі тіркелді.


Келесі тауарлардың бағасы төмендеді:

- қияр-31,6% (ж/ж);

- қызанақ-26,5% (ж/ж);

пияз-10,9% (ж/ж);

- сарымсақ-8,1% (г/г);

- апельсин-7,8% (г/г);

- алма-4,7% (г/г);

- күріш-4,1% (г/г).

Азық-түлік емес тауарлар арасында ең қатты қымбаттаған тауарлар: бензин – 15,3%, жеке пайдаланылатын тауарлар – 13,1%, аяқ киім – 11,1%, жуғыш заттар – 11,1%, киім-10,7%.

Ақылы қызметтердің саласында келесі қызметтердің бағасы қымбаттады:

- сұйытылған газ – 16,0%;

- тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 14,9%;

- тұрғын үйді жалға алу – 14,6%;

тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу-12,5%;

электр энергиясы-7,8%;

- қатты отын-7,3%;

- лифт үшін төлем-6,5%;

- домофон – 6,2%;

тұрғын үйді күтіп-ұстау және қызмет көрсету-5,0%;

- ыстық су – 4,1%;

- су бұру-3,3%.

Суық судың бағасы 40,8%-ке төмендеді.




Қарау саны: 39
Сақталған: 03.08.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!