Түркістан облысы 2018 жылғы 19 маусымда құрылды. Облыстың әкімшілік орталығы - Түркістан қаласы.
Аумақтың
ауданы – 117,3 мың шаршы км. Облыс
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан
және Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл
облыстарымен, сондай-ақ Өзбекстан
Республикасымен
шектеседі.
Түркістан
облысының артықшылығы –
қолайлы географиялық жағдайы, халық
санының көптігі, дамыған аграрлық
базасы, Өзбекстан мен Орталық Азия
елдерінің нарықтарына жақындығы, жоғары
туристік әлеуеті және түркі әлемінің
рухани–мәдени орталығы ретіндегі
Түркістан қаласының болуы.
ҚР
СЖЖРА ҰСБ деректері негізінде 2026
жылғы 1 шілдедегі
жағдай бойынша облыс халқының саны
2145,7
мың адамға
. Оның ішінде 545,5
мың адам
қалада, 1600,2
мың адам
ауылдық жерде тұрады. Урбанизация
деңгейі - 25,4%.
Жыл басынан бері халықтың табиғи өсімі
16,0
мың адамға
жеткеніне қарамастан, көші-қон ағыны
салдарынан халықтың жалпы саны азайды.
Көші-қон сальдосы - минус
19,5 мың адам.
Өңір
ауыл халқының жоғары үлесімен ерекшеленеді
және халық саны бойынша елде жетекші
орынғ ие. Үлкен демографиялық әлеует
ауыл шаруашылығын, қайта өңдеу өнеркәсібін,
сауданы және шағын кәсіпкерлікті
дамытуға қажетті еңбек базасын
қалыптастырады. Халықтың шашыраңқы
орналасуы және урбанизацияның төмен
деңгейі инфрақұрылымды дамытуға,
әлеуметтік қызметтерге қол жетімділікті
қамтамасыз етуге және жеткілікті жұмыс
орындарын құруға деген қажеттіліктің
артуына әкеледі.
Тұрақты
көші-қон, оның ішінде жастардың еңбек
нарығы неғұрлым ауқымды ірі қалаларға
кетуі жұмыс орындарының санын ұлғайту
ғана емес, сонымен қатар олардың сапасын,
еңбекақы деңгейін және кәсіби даму үшін
мүмкіндіктерді арттыру міндетін
өзектендіреді.
2026
жылдың I тоқсанында
орташа айлық жалақы 332,4 мың
теңгеге
жетті. Жұмыссыздық деңгейі – 4,6%,
бұл орташа республикалық көрсеткішке
жақын.
Түркістан
облысының экономикасы индустриялық-аграрлық
маманданған.
Негізгі салалар – ауыл шаруашылығы
және азық-түлік өндірісі. 2026
жылдың қаңтар–наурыз айларында ЖӨӨ
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
9,6%-ке ұлғайып,
1,13
трлн теңгеге жетті.
ЖӨӨ құрылымында тауарлар өндірісінің
үлесі 41%,
қызметтер52,5%.
Экономика айтарлықтай әртараптандырылған,
бірақ әлі де айқын индустриялық ауқымға
ие емес. Аграрлық өндіріс, құрылыс,
әлеуметтік сала, қызметтер және
өнеркәсіптік базаның біртіндеп дамуы
өңірдің сипатын байқатады.
2026
жылғы қаңтар–маусымда өнеркәсіп
өндірісінің көлемі 873,3
млрд теңгеге,
негізгі капиталға салынған инвестициялардың
көлемі 894,6
млрд теңгеге,
бөлшек сауда көлемі 225,8
млрд теңгеге,
көтерме сауда көлемі 244,9
млрд теңгеге
жетті. Қалыптасқан көрсеткіштер өңірдің
үлкен экономикалық және тұтынушылық
әлеуетін байқатады. Сонымен бірге
экономикалық базаны одан әрі кеңейтуді
қайта өңдеу өнеркәсібін дамытумен,
өндірістік кооперацияны тереңдетумен,
қосылған құны жоғары өнімдерді құрумен
және экспортқа бағдарланған өндірістерді
кеңейтумен байланыстырған жөн.
Өңір
экономикасының жетекші саласы - ауыл
шаруашылығы. Облыс көкөніс, бау-бақша,
жылыжай, мал шаруашылығы және мақта
шаруашылығына маманданған. Ауыл халқының
жоғары үлесі аграрлық сектордың өңірдің
жұмыспен қамтылуында және
әлеуметтік–экономикалық дамуында
маңызды рөлін анықтайды.
Одан
әрі дамудың негізгі бағыттарының бірі
- негізінен шикізаттық аграрлық модельден
ауыл шаруашылығы өнімдерін неғұрлым
терең өңдеуге көшу. Ол үшін өнімді
сақтау, сұрыптау және буып-түю, тамақ
және тоқыма өнеркәсібі, логистикалық
инфрақұрылым, экспорттық арналар,
сондай-ақ шағын ауыл шаруашылығы
өндірушілерінің кооперациясы бойынша
қуаттарды дамыту қажет. Осы бағыттарды
іске асыру облыстың Қазақстанның
оңтүстігіндегі ірі агроөнеркәсіптік
орталық ретіндегі позициясын нығайтуға
және қосылған құны жоғары өнім үлесін
арттыруға мүмкіндік береді.
Өңірде
барит, көмір, темір және полиметалл
кендері, бентонит саздары, вермикулит,
минерал ұлпасы, әктас, гранит, мәрмәр,
гипс және кварц құмдары бар. Уран қоры
бойынша Түркістан облысы Қазақстанда
бірінші орында, фосфориттер мен темір
кендері бойынша үшінші орында. Маңызды
кәсіпорындардың қатарында -
«Қазатомөнеркәсіп–Sauran» ЖШС, «КАТКО»
қазақстан–француз бірлескен кәсіпорны,
«Central Asia Mining Co» ЖШС, «Кентау трансформатор
зауыты» АҚ, «Ордабасы құс» ЖШС және
басқалар.
Өңірде
инвестиция тарту үшін өнеркәсіптік
инфрақұрылым қалыптасып жатыр. 10
индустриалды аймақ және Turan арнайы
экономикалық аймағы
бар. Олардың аумағында құны
93,5 млрд теңгеге 83 өнеркәсіптік жоба
іске асырылып, оның ішінде 51 жоба
пайдалануғ берілді. Сондай–ақ, 42
өндірістік ғимаратты орналастыру
көзделген шағын-өндірістік парктің
жобасы іске асырылады: бірінші кезең
аяқталып, 14 ғимарат енгізілді.
Маңызды
инвестициялық жобалардың қатарында -
құны 113,5
млрд теңгеге
күкірт қышқылын өндіру зауытын салу,
құны 69,7
млрд теңгеге
уран өңдеу кешенін салудың екінші
кезеңі, құны 40
млрд теңгеге
алюцинкпен қапталған және боялған
металл өндіру зауыты, мата зауытын, құны
26
млрд теңгеге
джинс матасы мен иірілген жіп өндіру
зауытын, сондай-ақ құны 11
млрд теңгеге
тігін фабрикасын салу. Агроөнеркәсіптік
бағытта ІҚМ сүйектерінен май және
желатин өнімін өңдеу зауытын, жұмыртқа
беруге маманданған құс фабрикасын және
құрама жем зауытын, ет комбинаттары мен
бордақылау алаңдарын салу жөніндегі
жобалар көзделген.
Облыстың
туристік әлеуеті өңірдің маңызды
бәсекелестік артықшылықтарының қатарына
жатады. Түркістан қаласы, Қожа Ахмет
Яссауи кесенесі, Сайрам мен Отырардың
тарихи-мәдени нысандары, Ұлы Жібек
жолының мұрасы, сондай-ақ табиғи аумақтар
қажылық, мәдени-танымдық, экологиялық
және отбасылық туризмді дамыту үшін
жағдай жасайды. Саланың әрі қарай дамуы
туристік объектілердің көліктік
қолжетімділігінің артуын, қонақ үй және
сервистік инфрақұрылымның кеңеюін,
навигация мен қауіпсіздіктің жақсаруын,
сондай-ақ шағын және орта бизнестің
туристік қызметке неғұрлым белсенді
тартылуын талап етеді.
Сонымен
қатар, өңірдің дамуында келесі кедергілер
байқалады: жұмыссыздықтың жоғары
деңгейі, су тапшылығы және экологиялық
проблемалар, ауыл шаруашылығы техникасының
тозуы, АӨК саласында білікті кадрлардың
жетіспеушілігі, сондай-ақ қалдықтарды
қайта өңдеу деңгейінің төмендігі.
Агроөнеркәсіптік кешенді, өнеркәсіпті
және туризмді дамыту үшін аталған
мәселелерді шешу қажет.
Облыстың
басты міндеті – қолда бар артықшылықтарды
экономикалық өсудің тұрақты көздеріне
айналдыру. Жоғары демографиялық әлеуетті
өнімді және білікті жұмыспен қамтуға,
дамыған ауыл шаруашылығын өнімді терең
өңдеуге, туристер ағынының ұлғаюын
толыққанды қонақжайлылық индустриясына,
ал шекара маңындағы сауданы логистика
мен өндірісті дамытуға қарай ауыстырған
жөн.
Осы
бағыттардың кешенді дамуы облысқа өңір
ішінде көбірек жұмыс орындарын, кірістер
мен қосылған құнды қамтамасыз ете
отырып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік,
туристік және логистикалық өсуінің
негізгі орталықтарының біріне айналуға
мүмкіндік береді.