Аналитикалық материалда ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған жауапты бизнес жүргізу жөніндегі Басшылық қағидаттары шеңберінде нақты істерді қарау бойынша Норвегияның Ұлттық байланыс орталығының тәжірибесі қарастырылған. Талдау Norges Bank Investment Management (NBIM), Telenor, Aker BP/Aker ASA және Statkraft компанияларына қатысты істер мысалында дайындалды және институционалдық инвесторлардың тиісті тексеруі, тәуекелі жоғары елдерден жауапты шығу, бірігу және сатып алу мәмілелеріндегі адам құқықтары, байырғы халықтардың құқықтары мен экологиялық тәуекелдер мәселелерін қамтиды.
Норвегия
ҰБО-сының нақты істерді шешудегі әртүрлі
тәсілдеріне ерекше назар аударылған:
ізгі қызметтер мен медиацияны жүргізу,
тараптар арасында келісімге қол жеткізу,
келісім болмаған жағдайда мәселелерді
одан әрі қарау, қорытынды мәлімдемелер
мен ұсынымдарды дайындау, сондай-ақ
кейінгі бақылауды жүзеге асыру. Сонымен
қатар компаниялар мен инвесторлардың
қолжетімді ықпал ету тетіктерін
пайдалануы, құқық иеленушілермен және
мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл,
қалпына келтіру шараларына қол жеткізу,
әртүрлі елдердің ҰБО-лары арасындағы
трансшекаралық үйлестіру және қатар
жүретін сот және әкімшілік рәсімдер
жағдайында істерді қарау ерекшеліктері
жеке қарастырылған.
Материал
тиісті тексеру компанияның ағымдағы
операциялық қызметімен ғана шектелмей,
инвестициялық шешімдерді, нарықтан
шығуды, бірігу және сатып алу мәмілелерін,
шарттық тетіктерді, зардап шеккен
тараптармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ
экологиялық және адам құқықтары
саласындағы тәуекелдерді бағалауды
қамтуы тиіс екенін көрсетеді. Сонымен
қатар Қазақстан ҰБО-сының қызметін одан
әрі жетілдіру үшін, оның ішінде медиацияны
ұйымдастыру, трансшекаралық өтініштерді
қарау, кәсіпорындардың қолжетімді ықпал
ету тетіктерін пайдалануын бағалау
және ұсынымдардың орындалуына кейінгі
бақылауды жүргізу кезінде қолдануға
болатын практикалық қорытындылар
ұсынылған.
<< АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Норвегия ҰБО-сының кәсіпкерлік қызметті жауапты жүргізу саласындағы істер бойынша практикасы туралы >>