«Азаматтық қоғам және ТДМ: 2030 жылға қарай іс-қимылды жеделдету» атты дөңгелек үстел өтті

13.08.2026

Астанада Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі азаматтық қоғамның рөліне арналған дөңгелек үстел өтті. Талқылауға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Іс-шараның модераторлары - «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Хамбар Бақытгүл, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ. С. Әбдіхалықов, «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Ж. Қ. Асанова.

Іс-шараны сәлемдесу сөзімен бастаған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Д. Кочетов азаматтық қоғамның ТДМ-ға қол жеткізуге, жауапты қоғамды дамытуға және барлығына тұрақты болашақ құруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Спикердің пікірінше, ТДМ-ды одан әрі дамыту үшін азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін нығайту, деректерге қолжетімділікті кеңейту, үйлестіруді жетілдіру және әріптестіктің тиімді тетіктерін құру қажет. Сондай-ақ, мәдениет және ақпарат вице-министрі азаматтық қоғамның маңыздылығын атап өтіп, оның ТДМ-ды дамытуға қатысуы жекелеген жобалармен шектеліп қалмай, мемлекеттік шешімдерді қалыптастыру, іске асыру және мониторингтеу процестерінің бір бөлігі болуға тиіс екенін көрсетті. Оның айтуынша, жаңа конституциялық кезең қосымша мүмкіндіктер туғызады.

Ұлттық экономика вице-министрі А.Б. Қасенов тұрақты даму және азаматтардың мүдделерін білдіру мәселелерін таратуға белсенді қатысатын «ешкімді артта қалдырмау» қағидатын сақтаудағы азаматтық қоғамның ерекше рөлін атап өтті. Вице-министр Ерікті ұлттық шолуды дайындауда қоғамдық ұйымдардың маңыздылығына да тоқталып кетті. Спикер осы жылдан бастап Қазақстанда ТДМ-ға қол жеткізуді тұрақты мониторингтеу және бағалау жүйесі енгізіліп жатқанын хабарлады. Бұл жұмысты ҚР ҰЭМ үйлестіруімен Экономикалық зерттеулер институты жүргізеді. Спикер ТДМ іске асырылуын бағалау шеңберінде ҮЕҰ-ның ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесіне талдау жүргізу жоспарланып отырғанын да айтты.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча ханым сәлемдесу сөзінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне, Қазақстанның Азаматтық альянсына және дөңгелек үстелдің басқа да қатысушыларына алғысын білдірді. Спикер қызмет көрсету барысында туындаған жаңа сын-қатерлер мен кемшіліктерді анықтауда азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің мемлекет пен қоғамдық ұйымдар арасындағы әріптестікті дамыту жөніндегі жұмысына ерекше назар аударды. Сөз соңында Саранго Раднарагча ханым проблемаларды анықтауға, саясат пен бағдарламаларды әзірлеуге, оларды іске асыруға, деректерді жинауға және нәтижелерді бағалауға азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз етуді ұсынды. Оның пікірінше, бизнес табысты бастамалардың ауқымын арттыруға қажеті ресурс, технология мен білімді ұсына алатындықтан, азаматтық қоғам мен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықты дамыту өте маңызды.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Б.Б. Баткеев Экономикалық зерттеулер институты ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің хатшылығы бола отырып, ТДМ-ға қол жеткізуде барлық мүдделі тараптармен, атап айтқанда азаматтық сектормен ынтымақтастықты қолдайтынын атап өтті. Жалпы стратегиялық міндетті іске асырудағы азаматтық қоғамның әлеуеті туралы айта келе, Біржан Баткеев ЭЫДҰ мәліметтері бойынша, 1997-2023 жылдар аралығында азаматтық ғылым бойынша жарияланымдар саны нөлден 1,5 мыңға дейін өскенін және бұл нәтиженің осы салаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және оның шешім қабылдауға әсер ету әлеуетін көрсететінін білдірді. Қорытындылай келе, Б. Б. Баткеев Экономикалық зерттеулер институты үшін үкіметтік емес сектормен ынтымақтастық жүргізу жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін де айтты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Тұрақты даму жөніндегі кеңестің төрағасы Ю. К. Якупбаева ТДМ-ды есептілік, халықаралық рейтингтер мен таныстырылым материалдар призмасы арқылы ғана емес, ең алдымен халықтың өмір сүру сапасы мен экономиканың тұрақтылығын арттыру құралы ретінде қарастыру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бірлескен жұмыс нәтижелерін азаматтар үшін анағұрлым айқын әрі түсінікті ету қажет. Ю. К. Якупбаева практикалық шешім ретінде бизнес пен өңірлерде тұрақты дамудың нақты жағдайлары туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде бірқатар бағдарламаларды іске қосуды ұсына отырып, «Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдар мен әдеттерден басталады», - деп атап өтті.

Бірінші сессия Қазақстанның ТДМ-ға қол жеткізудегі прогресі және азаматтық қоғамның рөлі мәселелеріне арналды. ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Н. А. Жанназарова қызметіне, әсіресе, Ерікті ұлттық шолуды әзірлеуге азаматтық қоғам әрқашан белсенді қатысатын және үлкен үлес қосатын Қазақстандағы ТДМ-ның қолданыстағы институционалдық архитектурасы туралы айтып берді. Азаматтық қоғамның үлесі 2025 жылы БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен ерекше атап өтілді.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Б.Ғ. Нұрғазиева ТДМ-ның іске асырылуын жеделдетудің қатысуды цифрландыру, жастар мен еріктілерді тарту, бизнеспен әріптестік жүргізу, әлеуметтік кәсіпкерлік сияқты нақты құралдарын ұсынды.

Статистикалық мониторинг және ТДМ ұлттық индикаторлары туралы ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының өкілі А.У. Абраева айтып берді. Спикер ҰСБ сайтында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың саны, іске асырылуы және оның қызмет бағыттары бойынша бөлінуі сияқты ҮЕҰ қызметіне қатысты мәліметтер жарияланатынын атап өтті.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Кеңсесінің Басшысы Куртмолла Абдулганиев БҰҰ елдік командасының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы, оның ішінде азаматтық қоғамның саясатты әзірлеу кезінде жалпы басымдықтарды айқындауға, іске асыру мониторингіне, адвокаттандыруға, сондай-ақ жобалар мен бағдарламаларды бірлесіп іске асыруға қатысуы туралы айтып берді. ТДМ-ға қол жеткізудің маңызды шарты ретінде азаматтық қоғаммен серіктестікті одан әрі кеңейтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

«Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Ж. Қ. Асанова азаматтық қоғамның ТДМ-ның іске асырылуына, атап айтқанда оның мониторингіне қатысуының практикалық мысалдарын келтірді.

Екінші сессия ТДМ іске асыру үшін әріптестікті нығайту мәселелеріне арналды. «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті З.Қ. Батталова ТДМ-ға қол жеткізудің парламенттік және азаматтық тетіктерін ұсынды. Медиа құқық мәселелері жөніндегі сарапшы О.А. Диденко қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізу мәселелерін қозғады.

Тұрақты даму қағидаттарын дамытуда кәсіподақтардың рөліне ерекше назар аударылды. ҚР Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитеті төрағасының орынбасары А. А. Ибраева кәсіподақ қозғалысының практикалық үлесін таныстырды.

Іс-шараның маңызды тақырыптарының бірі - ТДМ-ның жергілікті деңгейде іске асырылуы. «Zaman Zhargysy» ҚҚ төрағасы Ә.С. Асанханова Ұлытау облысының азаматтық қоғамының ТДМ мен жергілікті қоғамдастықтардың қажеттіліктеріне бағдарланған бастамаларды таныстырудағы тәжірибесімен бөлісті. Ол сондай-ақ экология, отбасыларды қолдау, жасөспірімдермен жұмыс, мәдениет және шығармашылық мәселелерін қамтитын «Эко Qadam», «Отбасы формуласы», «Шаңырақ» және AGYN FEST бастамаларын таныстырды.

Үшінші сессия азаматтық қоғамның бастамаларына арналды. «EcoNetwork» ЖШС басшысы Хан Гульнара жергілікті деңгейде климат және тұрақты даму саласындағы экологиялық ҮЕҰ қызметін таныстырды. «Камеда» ҚҚ басшысы М.М. Еспенова қоғамдастық деңгейіндегі бастамалар және осал топтарды қолдау туралы айтып берді. Қарағанды облыстық ECOCENTER экологиялық орталығының басшысы М. А. Құрмашова өңірде ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асырудың үздік тәжірибелерін таныстырып, жергілікті деңгейде іске асырылатын нақты жобалар арқылы жаһандық мақсаттарға қол жеткізудегі өңірлік бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар тұрақты дамудың басым бағыттары бойынша офлайн және онлайн форматта интерактивті жұмыс жүргізді. Қатысушылар қолданыстағы сын-қатерлерді талқылады, әрі қарайғы өзара іс-қимылдың бағыттарын айқындады және азаматтық қоғамның ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесін күшейту бойынша практикалық ұсынымдар әзірледі.

Дөңгелек үстел барысында қалыптастырылған ұсыныстар ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің одан әрі жұмысында, оның ішінде мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру кезінде пайдаланылады.

Дөңгелек үстел жұмысын аяқтай отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Ж. Б. Әлжанова Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды жеделдету үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын одан әрі нығайтудың және барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.



Қарау саны: 20
Сақталған: 13.08.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!