2022-2025 жылдары Ұлытау облысының әлеуметтік салаға шығындары облыс бюджетінің барлық шығындарының орта есеппен 47,4%-не тең. Олар 2022 жылғы 53,9 млрд теңгеден 2025 жылы 102,2 млрд теңгеге дейін 2 есе өсті.
Ұлытау
облысы бюджетінің әлеуметтік шығындарының
жартысынан астамы білім беру шығындарына
тиесілі, 2022-2025 жылдары олардың үлесі
68,5%-ке жетті. Қарастырылып отырған
кезеңде олар 2022 жылы 41,3 млрд теңгеден
(әлеуметтік шығыстардың 76,6%) 2025 жылы
63,0 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
61,6%) дейін 52,6%-ке өсті. 2025 жылы 28 заманауи
пәндік кабинет сатып алынды, сондай-ақ
135 педагогтың біліктілігін арттыру
қамтамасыз етілді.
Мәдениет,
спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке
жұмсалатын шығындар Ұлытау облысының
барлық әлеуметтік шығындарының орта
есеппен 15,1%-не тең. Олар 2022 жылғы 5,4 млрд
теңгеден (әлеуметтік шығыстардың 10,0%)
20,6 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
20,1%) дейін 2025 жылы 3,8 есе ұлғайды. 2025 жылы
2 мәдениет объектісіне жөндеу жүргізілді,
сондай-ақ мұражай инфрақұрылымын
жаңғырту және экспозициялық кеңістікті
жаңарту жүзеге асырылды. Сонымен қатар,
дене шынықтыру-сауықтыру кешендері,
ангар үлгісіндегі спорт кешендері,
футбол манежі, сондай-ақ шахмат академиясы
сияқты әртүрлі бейіндегі 7 спорт нысаны
енгізілді.
8,4%-ті
құрайтын әлеуметтік көмек пен әлеуметтік
қамсыздандыруға жұмсалған шығындар
2022 жылғы 5,1 млрд теңгеден (әлеуметтік
шығыстардың 9,5%-і) 2025 жылы 8,2 млрд теңгеге
(әлеуметтік шығыстардың 8,0%-і) дейін
58,6%-ке өскенін көрсетті.
7,9%-тік
ең аз үлеске ие денсаулық сақтау шығындары
2022 жылғы 2,0 млрд теңгеден (әлеуметтік
шығыстардың 3,8%-і) 2025 жылы 10,5 млрд теңгеге
(әлеуметтік шығыстардың 10,3%-і) дейін 5,1
есе ұлғайды. 2025 жылы 13 денсаулық сақтау
нысанының жаңа ғимараты салынды және
15 нысанда күрделі жөндеу жүргізілді.
2022-2025
жылдары Ұлытау облысында әлеуметтік
шығыстардың бюджетте жоғары үлесін
сақтап, білім беру саласының үстемдігі
және денсаулық сақтау, мәдениет пен
спорт салаларының басым дамуы арқылы
тұрақты өсуі байқалады. Жалпы, бұл
әлеуметтік инфрақұрылымның нығаюын
және базалық қызметтерге қолжетімділіктің
артуын көрсетеді.
