Нағи Ілиясов атындағы ауыл: инвестиция ауылдағы өмір сапасын қалай өзгертті

21.08.2026

Ауылдық жерде өмір сүру сапасы халықтың табыс деңгейімен ғана анықталмайды. Әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігі, жолдар мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйі, абаттандыру, жұмыс орындарының болуы, білім беру, спорт және шағын бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер де маңызды. Сондықтан ауылдың тұрақты дамуы экономикалық және әлеуметтік негізімен бірге жүруі тиіс.


Осындай дамудың мысалы ретінде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылды айтуға болады. Мұнда 2 мыңнан астам адам тұрады, ал елді мекеннің өзі өңірдің көптеген ауылдық аумақтарынан дамыған инфрақұрылымымен, абаттандырылған аумағымен және жоғары экономикалық белсенділігімен айтарлықтай ерекшеленеді.


Ауылдың қазіргі келбеті бірден қалыптаспады. 1990 жылдары көптеген ауылдық елді мекендер сияқты, ол құлдырау кезеңіне тап болды. Өндірістік базаның біртіндеп қалпына келуі және дамуы одан әрі өзгерістерге жағдай жасады. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында күріш шаруашылығын дамытуға ғана емес, ауылды абаттандыру мен әлеуметтік инфрақұрылымға да қомақты қаражат инвестициялаған «Абзал және К» өндірістік серіктестігінің қызметі шешуші рөл атқарды.


2013-2022 жылдары әлеуметтік, инфрақұрылымдық және абаттандыру жобаларын іске асыруға 1,75 млрд теңге бөлінді. Қаражат жаңа объектілерді құруға да, оларды одан әрі күтіп-ұстауға және дамытуға да салынды.


Ең ірі жобалар – құны 203,7 млн теңгеге спорт кешенін, 137,0 млн теңгеге жаңа мешіт, 60,0 млн теңгеге әкімдік ғимаратын салу, 2022 жылы 355,0 млн теңгеге «Еңбек» аллеясын абаттандыру. Жыл сайын айтарлықтай қаражат бөлінеді: ауылды абаттандыруға және көгалдандыруға 60,0 млн теңге, спорттық инфрақұрылымды, көшелердің жарықтандырылуына, субұрқақтарды, қоғамдық кеңістіктерді және басқа да объектілерді күтіп-ұстауға және дамытуға.


Әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше назар аударылды. Балабақшаны жөндеуге және жарақтандыруға, оның аумағын абаттандыруға және оқушыларға қосымша білім беруге тұрақты негізде қаражат бөлінді. 2021 жылы балабақшаны жөндеуге 3,8 млн теңге, оны жабдықтауға 3,0 млн теңге, ауылдық амбулаторияны ағымдағы жөндеуге 5,2 млн теңге бөлінді. Пандемия кезеңінде 2019 жылы амбулатория 1 млн теңге сомаға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді және әлеуметтік осал азаматтарға қосымша көмек көрсетілді.


Халықтың бос уақыты мен белсенді өмір салты үшін жағдай жасауға да инвестиция бөлінді. Атап айтқанда, балалар ойын алаңын қайта құруға 15,2 млн теңге, жастар спорт алаңын қайта құруға 8,1 млн теңге жұмсалды. Сонымен қатар, кәсіпорын бөлген 1,2 млн теңге есебінен шаштараз кабинеті ашылды.


Осылайша, «Абзал және К» ӨС қаражаты өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымнан бастап абаттандыру, спорт, білім беру және күнделікті қызметтерге дейінгі бағыттардың кең ауқымын қамтып, ауылда дамыған инфрақұрылымдық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берді.


Бүгінде Нағи Ілиясов атындағы ауыл өндірістік инвестициялардың, жұмыспен қамтудың және инфрақұрылымға салынған инвестициялардың ауылдық аумақты қалай өзгерте алатындығының үлгісі. Алайда, мұндай өзгерістерді бағалау үшін жеке көрсеткіштермен шектеліп қана қоймай, оларды өмір сапасының өлшенетін көрсеткіштері жүйесі арқылы қарастыру маңызды.


Мұндай жүйе - елді мекендердің базалық инфрақұрылым объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етілуін бағалауға және олардың даму деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ).


Өңірлік стандарттар жүйесінің қорытындысы бойынша 2025 жылы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 87,9%-ке жетіп, өмір сапасының жоғары деңгейіне сәйкес келеді. Ал білім беру саласындағы объектілермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі 100%. Елді мекенде 1 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, жалпы білім беретін мектептермен қамтамасыз ету 100%-ке жетті. Кадр тапшылығы жоқ.


Мектепке дейінгі білім беру объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі - 100%. 2 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме (балабақша және шағын орталық) жұмыс істейді. Кадр тапшылығы жоқ.


Денсаулық сақтау объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ке тең. 1 мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді. Ауылда құрылысқа қажеттілік жоқ, сондай-ақ объект күрделі жөндеуді және/немесе материалдық-техникалық базаны жинақтауды талап етпейді.


Мәдениет және спорт саласындағы объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі - 100%. 1 мәдени-демалыс ұйымы жұмыс істейді, күрделі жөндеуге, жаңа объектілер салуға және материалдық-техникалық базаны жинақтауға қажеттілік жоқ. Сондай-ақ 1 мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді, бұл ретте оны күрделі жөндеуге, қосымша объектілер салуға және материалдық-техникалық базамен жабдықтауға қажеттілік жоқ. Ауылда 1 кітапхана бар: күрделі жөндеуге, жаңа кітапханалар салуға және қосымша жабдықтауға қажеттілік жоқ. Аталған бағыт бойынша кадр тапшылығы жоқ.


Жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі - 100%. Кентішілік жолдардың жалпы ұзындығы 12,27 км., қатты жабыны бар жолдар қанағаттанарлық жағдайда, жаңа жолдарды салу қажеттілігі жоқ, жолдармен қамтамасыз ету деңгейі 100%. Жол жарығымен қамтамасыз ету деңгейі де 100%-ке жетті: 11,80 км көше жарықтандырылды, көше жарығын салуға қосымша қажеттілік жоқ.


Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі - 89,56%. Электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету 100%, желілердің ұзындығы 12,27 км, олардың тозу дәрежесі 70%, бұл ретте, 8,59 км желіні ауыстыру қажет. Сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 96,67%: орталықтандырылған сумен жабдықтау бар, оған тұрғын үйлердің 100%-і (400-ден астам үй) қосылған, желілердің ұзындығы - 12,30 км, тозу дәрежесі - 10%. Орталықтандырылған газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету 100%, газ құбыры желілерінің ұзындығы - 32,50 км. Жаңа электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау желілерін, сондай-ақ жаңа тұрғын үй алаңын салу қажеттілігі жоқ.


Нағи Ілиясов атындағы ауылдың тәжірибесі көрсеткендей, кешенді инвестициялар ауылдық жерде өмір сүру сапасын айтарлықтай өзгерте алады.


Өндірістік базаны, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, білім беру, спорт және бос уақыт үшін жағдай жасау өмір сүру үшін қолайлы және тұрақты ортаны қалыптастырады.


Жанерке Рахман

Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының аға сарапшысы



Қарау саны: 21
Сақталған: 21.08.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!