Қырғызстан елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 1,7%-ін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның негізгі сауда серіктесі мәртебесін сақтап отыр. 2026 жылдың алғашқы алты айында тауар айналымы шамамен 1,28 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 20,2%-ке жоғары (1,06 млрд АҚШ доллары) болды.
Оң
серпін Қазақстанның Қырғызстанға
экспортының
10,7%-ке
өсуімен (0,9
млрд АҚШ долларына дейін) және
Қырғызстаннан импорттың 52,4%-ке
(0,37 млрд
АҚШ долларына дейін) ұлғаюымен
қамтамасыз етілді.
Қырғызстанға
қазақстандық экспорт құрылымында нақты
кешен өнімдерінің басымдығы байқалмайды.
Негізгі экспортталатын тауарлар:
- алтын
-
235,6 млн АҚШ
доллары (экспорттың жалпы көлеміндегі
үлесі - 26%)
- темекі
–
56,5 млн АҚШ доллары (6,2%)
- минералды
су -
46,6 млн АҚШ доллары (5,2%)
- өзге
портландцемент –
35,3 млн АҚШ доллары (3,9%)
- ұн
-
27,3 млн АҚШ доллары (3%)
Қырғызстаннан
әртүрлі тауарлар импортталады.
Негізгі импортталатын тауарлар:
- керосин
-
96,3 млн АҚШ
доллары (импорттың жалпы көлеміндегі
үлесі-26,1%)
- басқа
кендер -
90,1 млн АҚШ доллары (24,6%)
- жерасты
жұмыстарына арналған элеваторлар мен
конвейерлер -
18,7 млн АҚШ доллары (5,1%)
- басқа
өздігінен жүретін машина –
10,6 млн АҚШ доллары (2,9%)
- басқа
нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер -
9,8 млн АҚШ доллары (2,7%)
- бөтелкелер,
шөлмектер, құтылар -
8,8 млн АҚШ доллары (2,4%)
- таспалы
және өзге де элеваторлар мен конвейерлер
–
8 млн АҚШ доллары (2,2%)
Қырғызстанның
Қазақстандағы инвестициялық белсенділігі
салыстырмалы түрде төмен. Сонымен қатар,
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстаннан
ТШИ
жалпы ағыны
2
есе
артып,
12,5 млн АҚШ
долларына жетті. 2020-2025 жылдары Қырғызстаннан
Қазақстанға ТШИ жалпы ағынының жиынтық
көлемі 40,9
млн АҚШ
долларына жетті.

2026 жылдың I-тоқсанында Қырғызстаннан Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе ұлғайып, 7,3 млн АҚШ долларына жетті.
Екіжақты ынтымақтастықты дамытуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 21-22 тамызда Қырғыз Республикасына ресми сапары
кезінде Жоғары мемлекетаралық кеңестің
жетінші отырысына қатысуы маңызды рөлге
ие болды. Келіссөздер қорытындысы
бойынша өзара тауар айналымын 3
млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту
және өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында,
көлік пен логистикада кооперацияны
кеңейту мәселесін қоса алғанда,
сауда-экономикалық және инвестициялық
өзара іс-қимылдың одан әрі басымдықтары
айқындалды.
Бірлескен
негізгі бастамалардың қатарында –
Қазақстан-Қырғызстан
шекарасында индустриялық сауда-логистикалық
кешенді
құру. Жоба екі ел арасындағы өндірістік
кооперацияны, сауданы және көлік-логистикалық
инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Анықтамалық:
өнеркәсіп,
сауда және медицина салаларында жалпы
құны 385,2 млн АҚШ
долларына тең 18 инвестициялық жобадан
тұратын пул қалыптастырылды. Кешен
аумағын
50-ден 150 гектарға
дейін кеңейту, кейіннен арнайы экономикалық
аймаққа айналдыру көзделеді. Кешенді
іске қосу 2026
жылға
жоспарланған.
Энергетика
саласындағы ынтымақтастықты да атап
кеткен жөн. Қазақстан Қырғызстанмен
және Өзбекстанмен бірлесіп, қуаты
шамамен
1,9 ГВт
болатын Нарын өзеніндегі Қамбар Ата
СЭС-1
жобасын іске асыру бойынша дайындық
жұмыстарына
қатысады. Тараптар жобаны бірлесіп іске
асыру туралы үкіметаралық келісімді
келісу бойынша жұмысты жалғастырып
жатыр. Жоба Орталық Азия мемлекеттерінің
энергетикалық қауіпсіздігін нығайту
және су-энергетикалық ынтымақтастығын
дамытуда стратегиялық маңызға ие.