2026 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында жылдық инфляция шілде айындағы 10,2%-пен салыстырғанда 9,8%-ке дейін төмендеді. Төменде өңірлік бөліністегі тұтынушылық инфляция серпініне талдау жасалған.
Тұтыну
бағасының ең жоғары өсуі Солтүстік
Қазақстан облысында тіркелді, 12,0%-ке
жеткен бұл өсім орташа республикалық
көрсеткіштен 2,2 п.т-ға артық. Инфляцияның
жоғары қарқыны Жетісу (11,7%), Ақмола
(11,6%) және Түркістан (11,3%) облыстарында
да байқалды.
Ең
төмен мәндер Қарағанды облысында (8,1%),
Алматы қаласында (8,7%), Павлодар облысында
(9,0%) және Батыс Қазақстан облысында
(9,1%) атап өтілді, бұл орташа республикалық
инфляция деңгейімен (9,8%) салыстырғанда
тұтыну бағасының анағұрлым ұстамды
серпінін көрсетеді.
Инфляциялық
қысымның сақталуына қарамастан, ағымдағы
серпін еліміздің бірқатар өңірлерінде
баға процестерінің біртіндеп тұрақтанғанын
байқатады. Ірі қалалар мен жеке облыстарда
инфляцияның 10%-тен төмен деңгейде
сақталуы бағаның өсуін тежеу бойынша
жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін
көрсетеді.
