2026 жылғы тамыз айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

01.09.2026

Тамыз айында жылдық мәндегі тұтынушылық инфляция - 9,8%. Азық-түлік емес тауарлар бір жылда 11,4%-ке өсіп, негізгі өсімді көрсетті.

2026 жылдың тамызында елдегі инфляция:

- 2025 жылғы тамызға қатысты 9,8% (өткен айда 10,2%);

- 2026 жылғы шілдеге қатысты 0,6% (өткен айда 0,6%).

Жылдық мәнде:

- азық-түлік бағасы 9,5%-ке (-0,1% а/а) өсті;

- азық-түлік емес тауарлар бағасы 11,4%-ке (0,8% а/а) өсті;

- ақылы қызметтерд34 бағасы 8,9%-ке (1,2% а/а) қымбаттады.


Инфляция қарқынына 38,9% мөлшерінде азық-түлік негізгі үлес қосады (яғни жалпы инфляцияның 9,8%-нен 3,82 п.т. азық-түлікке тиесілі). 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда азық-түлік үлесі 0,8 п.т-ға төмендеді (39,7%-тен 38,9%-ке дейін). Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда ол 40,9%-тен 38,9%-ке дейін 2,0 п.т-ға азайды.

2025 жылы ең көп үлес қосқан ақылы қызметтердің үлесі ағымдағы жылы 28,8%-ке жетті. 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі 36,5%-тен 28,8%-ке дейін 7,7 п.т-ға төмендеді. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда ол 27,6%-тен 28,8%-ке дейін 1,2 п.т-ға ұлғайды.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2025 жылғы тамыздағы 23,7%-тен 2026 жылғы тамызда 32,6%-ке дейін өсті. Сондай-ақ, өткен аймен салыстырғанда 32,0%-тен 32,6%-ке дейін 0,6 п.т-ға өсім байқалды.

ж / ж – өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда ағымдағы айда бағаның өзгеруі – жылдық инфляция.

Азық-түлік арасында бір жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:

  • Шұжық, ет өнімдері – 14,3%;

  • Ашытылған сүт өнімдері – 13,0%;

  • Ет және құс еті-12,9%;

  • Алкогольсіз сусындар – 12,4%;

  • Ірімшік және сүзбе-10,4 %;

  • Май мен тоң май-9,6%;

  • Нан және нан-тоқаш өнімдері-9,5%;

  • Сүт-9,4%;

  • Жұмыртқа-8,5%;

  • Қант – 6,6%;

  • Жарма-4,0%.

Жемістер, жидектер мен жаңғақтарға жылдық бағаның 0,7%-ке және көкөністерге 2,5%-ке төмендеуі тіркелді.


Келесі тауарлардың бағасы төмендеді:

баялды-46,8% (ж/ж);

- қияр-39,9% (ж/ж);

- қызанақ-13,6% (ж/ж);

- алма-10,6% (ж/ж);

- сарымсақ-7,2% (ж/ж);

- мандарин-5,9% (ж/ж);

- қырыққабат-5,2% (ж/ж);

- банан-4,2% (ж/ж);

- апельсин-2,6% (ж/ж).

Азық-түлік емес тауарлар арасында ең қатты қымбаттаған тауарлар: жеке пайдаланымдағы тауарлар – 13,1%, бензин – 12,8%, жуғыш заттар – 11,3%, аяқ киім – 10,8%, киім-10,2%.

Ақылы қызметтердің арасында келесі қызметтердің бағасы қымбаттады:

- тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 20,0%;

- тұрғын үйді жалға алу – 17,1%;

- тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу – 13,1%;

- сұйытылған газ – 9,4%;

- қатты отын-6,7%;

- лифт үшін төлем-6,4%;

- домофон – 6,3%;

тұрғын үйді күтіп-ұстау және қызмет көрсету-5,6%;

электр энергиясы-4,0%;

- ыстық су – 3,6%;

- су бұру-1,5%.

Суық судың бағасы 40,9%-ке төмендеді.



Қарау саны: 25
Сақталған: 01.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!