Алматы BCG 2026 зияткерлік қалалардың жаһандық индексіне енді

01.09.2026

2026 жылғы 27 шілдеде Boston Consulting Group (BCG) халықаралық консалтингтік компаниясы Intelligent Cities Index 2026 (ICI) – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, оларды қалалық басқаруда пайдалану тиімділігі, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасы мен экономикалық мүмкіндіктеріне әсері тұрғысынан қалалардың даму деңгейін бағалайтын Зияткерлік қалалардың жаһандық индексінің бірінші шығарылымын ұсынды. Зерттеу әлемнің 39 елінің 61 қаласын қамтиды.

Рейтинг 14 параметрге және бес негізгі бағытқа біріктірілген 35 сандық және сапалық көрсеткіштер негізінде қалыптастырылады: тұрғындар үшін нәтижелер, зияткерлік қаланың даму стратегиясы, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу, тиісті бастамаларды ұйымдастыру және басқару, сондай-ақ оларды дамыту үшін жағдайлар - инфрақұрылым, деректер, қаржыландыру, инновациялық экожүйе және кадрлық әлеует. Бағалау қорытындысы бойынша қалалар кемелденудің төрт деңгейіне бөлінеді: жетекші (Leading), қарқынды (Accelerating), қалыптасушы (Emerging) және дамушы (Developing).


Алматы әлемнің 61 қаласы арасында 38-ші орынды алды.

Алматы Джакарта, Рим, Милан, Мельбурн, Дели, Сан-Паулу, Варшава, Стамбул және Мехико сияқты ірі қалалардан басып озып, рейтингтің үздік 40 қаланың қатарына енді. Нәтижесі 62 ұпай болған қазақстандық мегаполис 61 қала арасында 38-ші орын алды және «Қалыптасушы» (Emerging) санатына енді.

Зерттеу нәтижелері Алматының одан әрі цифрлық трансформациялану үшін белгілі бір негіз қалыптастырғанын көрсетеді. Қалада жасанды интеллект базасындағы шешімдер қолданылады, ал қалалық цифрлық қосымшаларды пайдалану жалпы пайдаланушылардың өте жоғары қанағаттанушылықпен үйлеседі. Сонымен бірге Алматы технологиялық инфрақұрылымның кадрлық әлеует, инвестициялар және инновациялық экожүйе сияқты факторлармен салыстырмалы түрде теңдестірілген үйлесімін көрсетеді. Сонымен бірге қолданылатын ЖИ-шешімдерінің саны әзірге зерттелген қалалар арасында орта деңгейден төмен болып тұр, бұл оларды одан әрі масштабтау әлеуетін көрсетеді.


Рейтингті кім бастап тұр

Лондон 85 балл жинай отырып, әлемдегі ең зияткерлік қалаға айналды. Британия астанасы әсіресе тұрғындар үшін нәтижелері бойынша ерекшеленеді: BCG заманауи технологияларды пайдалану арқылы жасалған өмір сапасы мен экономикалық мүмкіндіктердің жоғары көрсеткіштерін атап өтеді.

Келесі төрт қала 80 балдан жинады: Дубай - 2-ші, Нью-Йорк - 3-ші, Вашингтон - 4-ші, Амстердам 5-ші орынды алды. Сонымен қатар көшбасшылардың әрқайсысының өзіндік мықты жақтары бар. Дубай цифрлық шешімдер мен ЖИ енгізу ауқымымен, Нью-Йорк цифрлық бастамаларды ұйымдастырумен және басқарумен, ал Амстердам мықты стартап-экожүйені, венчурлік қаржыландыруды және жаңа технологияларды тестілеуге арналған алаңды қоса алғанда, инновациялық даму жағдайларымен ерекшеленеді. Жалпы бірінші бестіктегі барлық қалалары рейтингтің бес бағытының кем дегенде екеуі бойынша жоғары кемелдену деңгейіне жетті.

Берлин қаласынан Лагос қаласына дейін: рейтингте басқа қалалар қалай орналасты

Бірінші бестіктен соң «Қарқынды» (Accelerating) тобы орналасты. Оны 6-шы орында (78 балл) Берлин бастап тұр, одан кейін Сан-Франциско, Шанхай, Пекин, Сеул және Сингапур тұр. Бұл қалалар цифрлық технологияларды енгізудің жоғары деңгейімен және инфрақұрылым мен инновациялық ортаның дамуымен сипатталады.

«Қалыптасушы» (Emerging) тобының басында 34-ші орынды (64 балл) иеленген Доха орналасқан. Одан кейін Токио, Гонконг және Медина орналасқан, олардан кейін Алматы 38-ші орында тұр. Дәл осы санатқа Джакарта, Рим, Милан, Мельбурн, Дели, Сан-Паулу, Варшава, Стамбул, Мехико және 56-орын алған Осакаға дейін басқа қалалар кірді.

«Дамушы» (Developing) санатындағы қала рейтингінің соңында мына қалалар орналасқан: 57-ші орыннан 61-ші орындарды алған Будапешт, Йоханнесбург, Касабланка, Каир және Лагос. Бұл қалалар бағаланатын BCG бағыттар бойынша кемелденудің ең төмен жиынтық деңгейін көрсетеді.


Технологиялар тұрғындар үшін нәтиже беруі тиіс

BCG зерттеуі цифрландырудың жоғары деңгейі қаланың көшбасшылығына кепілдік бермейтінін көрсетеді. ЖИ мен цифрлық сервистерді енгізу тиімді басқарумен, дамыған инфрақұрылыммен, кадрлық әлеуетпен және инновациялық ортамен үйлестіретін қалалар өте жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.

Алматы үшін 38-ші орын және үздік 40 қала қатарына ену зияткерлік қаланы одан әрі дамыту үшін қалыптасқан базның бар екендігін көрсетеді. Келесі кезең жеке цифрлық шешімдерді енгізуден оларды қалалық басқару мен күнделікті көрсетілетін қызметтерде кеңінен қолдануға көшу болуы мүмкін. Осы технологиялардың қала тұрғындары үшін нақты нәтиже бере алу – көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, экономикалық мүмкіндіктер жасау және қалалық ортаны барынша жайлы ету – заманауи зияткерлік қаланың кемелдену деңгейінің басты өлшемшартына айналады.



Қарау саны: 40
Сақталған: 02.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!