Нидерланды ҰБО-ның бизнесті жауапты жүргізу саласындағы тәжірибесі: негізгі кейстерді талдау және Қазақстан үшін қорытындылар

08.09.2026

Талдамалық материал көпұлтты кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі Басшылық қағидаттары шеңберінде нақты істерді қарау бойынша Нидерланды Ұлттық байланыс орталығының тәжірибесіне арналған. Талдау Uber, Pluspetrol, Perfetti Van Melle және Stellantis кейстеріне негізделген және еңбек құқықтары, платформалық жұмыспен қамту, байырғы халықтардың құқықтары, экологиялық және құқық қорғау тәуекелдері, ақпаратты ашу, салық салу, жауапты жеткізу тізбектері және тиісті сақтық мәселелерін қамтиды.

Нидерланды ҰБО-ның өтініштерді қарауының әртүрлі рәсімдік нәтижелеріне, оның ішінде игі қызметтер мен медиация ұсынуға, тараптар келісімге қол жеткізбеген немесе компания диалогқа қатысудан бас тартқан жағдайда істі мәні бойынша одан әрі қарауға, қорытынды мәлімдемелер мен ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ тараптардың ҰБО-ның ресми рәсімінен тыс келісімге қол жеткізуіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар мүдделі тараптармен мазмұнды өзара іс-қимыл жасау, бас компаниялардың еншілес құрылымдардың қызметіне жауапкершілігі, жеткізу тізбектеріндегі жүйелік тәуекелдерді бағалау және әртүрлі елдердің ҰБО арасындағы трансшекаралық үйлестіру тәсілдері жеке қарастырылады.

Материал тиісті сақтықтың корпоративтік саясаттардың формалды болуымен шектелмейтінін, керісінше тәуекелдерді тұрақты анықтау мен бағалауды, зардап шеккен тараптармен өзара іс-қимылды, ашықтықты қамтамасыз етуді, қабылданған шаралардың тиімділігін бақылауды және теріс салдарларды жоюды қамтитынын көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан ҰБО қызметін одан әрі жетілдіру үшін пайдалануға болатын тәжірибелік қорытындылар ұсынылады, оның ішінде өтініштерді қарау сапасын арттыру, мазмұнды талдау мен қорытынды ұсынымдар тәжірибесін дамыту, нәтижелердің жариялылығын күшейту және бизнесті жауапты жүргізудің неғұрлым болжамды тетігін қалыптастыру.


< Нидерланды ҰБО бизнесті жауапты жүргізу туралы істердегі тәжірибесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА >



Қарау саны: 33
Сақталған: 08.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!