Кеше «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Қазақстан Республикасының жауапты бизнес жүргізу жөніндегі Ұлттық байланыс орталығы өкілдерінің Нидерланды Сыртқы істер министрлігі жанындағы Нидерланды Ұлттық байланыс орталығының өкілі Марина ван Риелмен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге
Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы
Елшілігінің Адам құқықтары мәселелері
жөніндегі өкілі де қатысты.
Тараптар
Ұлттық байланыс орталықтарын
институционалдық ұйымдастыруды, бизнесті
жауапты жүргізу бойынша көпұлтты
кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ Басшылық
қағидаттарын ілгерілету тәсілдерін,
сондай-ақ нақты жағдайларды қарау және
диалог пен медиация тетіктерін пайдалану
тәжірибесін талқылады.
ЭЫДҰ
стандарттары туралы бизнестің
хабардарлығын арттыру, тәуекелге
бағдарланған тиісті байқампаздықты
дамыту, компаниялардың қызметінде және
жаһандық жеткізу тізбегінде адам
құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше
назар аударылды.
Қазақстан
ҰБО өкілдері Нидерланды тарапын
Орталықтың ағымдағы қызметімен,
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен,
бизнеспен және мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимылмен, сондай-ақ ҰБО
институционалдық және рәсімдік тетіктерін
одан әрі жетілдіру жөніндегі басымдықтармен
таныстырды.
Тәжірибе
алмасу барысында тараптар ҰБО қызметінің
тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз
етудің, медиацияны жүргізудің, нақты
жағдайлар шеңберінде тараптармен өзара
іс-қимылдың және ұсынымдардың орындалуына
кейіннен мониторинг жүргізудің
практикалық мәселелерін талқылады.
Кездесу
практикалық тәжірибе алмасу және
Қазақстан мен Нидерланды ҰБО арасындағы
одан әрі кәсіби өзара әрекеттесу
мүмкіндіктерін талқылау алаңына айналды.
Қазақстан
үшін Ұлттық байланыс орталығын дамыту
ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және
көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясына
қосылу шеңберінде міндеттемелерді
орындау элементтерінің бірі болып
табылады және бизнесті жауапты жүргізудің
халықаралық стандарттарын ілгерілетуге
ықпал етеді.
