Өңір тынысы: Атырау облысы

15.09.2026

Атырау облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды. Әкімшілік орталығы – Атырау қаласы.

Облыс еліміздің батыс бөлігінде орналасқан және Батыс Қазақстан облысымен (солтүстігінде және солтүстік-шығысында), Маңғыстау облысымен (оңтүстігінде), Ақтөбе облысымен (шығысында) және Ресей Федерациясының Астрахан облысымен (батысында) шектеседі. Облыс аумағы 118,6 мың шаршы км, бұл республика аумағының 4,4%-не тең.

Өңір құрамына 7 аудан, 1 облыстық маңызы бар Атырау қаласы, 1 аудандық маңызы бар Құлсары қаласы және 153 ауыл кіреді. Өңірдің Каспий теңізіне шығу жолы бар және ол үлкен мұнай-газ ресурстық базасы мен өнеркәсіптік өндірістің жоғары шоғырлануының арқасында ел экономикасында маңызды орынға ие.

Облыстың негізгі бәсекелес артықшылықтары – көмірсутек шикізатының қоры, дамыған мұнай-газ кешені, тиімді географиялық орналасуы және қалыптасқан өндірістік инфрақұрылым. Өңірдің жоғары әлеуеті мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясын, өңдеу өндірістерін, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамытумен байланысты.

2026 жылғы 1 шілдеде Атырау облысының халық саны 718,5 мың адамға жетті, оның ішінде 394,2 мың қала және 324,3 мың ауыл тұрғыны. Урбанизация деңгейі – 54,9%.

Демографиялық жағдай көші-қон ағынын сақтай отырып, оң табиғи өсіммен сипатталады. 2026 жылғы қаңтар-маусымда табиғи өсім 4,3 мың адамға жетті. Осы кезеңде 6 мың адам дүниеге келіп, 1,7 мың адам қайтыс болды. Бұл ретте көші-қон сальдосы теріс сипатқа ие және 1,9 мың адамға жетті. Негізгі ағын ішкі көші-қонмен байланысты.

2026 жылдың II тоқсанында жұмыссыздар саны – 18 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%. 2026 жылдың І тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ке өсіп, 653 мың теңгеге жетті. Нақты жалақы индексі – 91,8%.

Атырау облысы экономикасының негізгі секторы – өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 трлн теңгеге немесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге қатысты 92,2%-ке жетті. Төмендеу негізінен тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістің 10,2%-ке қысқаруына байланысты.

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында өңдеу өнеркәсібі 10,5%-ке өсті. Келесі салаларда оң серпін байқалды: электр энергиясымен, газбен, бумен және ыстық сумен жабдықтау саласында 8%-ке, сондай-ақ сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу саласында 10,6%-ке. Өндірістің төмендеуі аясында өңдеу өнеркәсібінің өсуі облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін жағдай жасайды.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ке ұлғайып, 890,8 млрд теңгеге жетті. Өңірді инвестициялық дамуының маңызды бағыты – шикізатты қайта өңдеуді және қосылған құны анағұрлым жоғары өнім шығаруды кеңейтуге қабілетті мұнай-газ химиясы мен өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларды іске асыру.

Жоғары инвестициялық белсенділік құрылыс секторының өсуімен қатар жүреді. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі 27,9%-ке ұлғайып, 387,6 млрд теңгеге жетті. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,6%-ке жоғарылап, 311 мың шаршы метрге жетті.

Атырау облысының жеке бәсекелес артықшылығы – оның Каспий маңы өңіріндегі көлік-географиялық орналасу жағдайы. Ол көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі дамыту және ірі өнеркәсіптік пен инвестициялық жобаларға қызмет көрсету үшін мүмкіндік береді. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымы 35,5 млрд т-км немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94%-ке жетті.

Қазақстан Республикасының өңірлік дамуының 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Атырау облысының экономикасы негізінен индустриялық сипатқа ие. Перспективалы бағыттар мұнай өңдеуді тереңдетумен, мұнай химиясын дамытумен, құрылыс материалдарын өндірумен және балық шаруашылығымен байланысты.



Қарау саны: 61
Сақталған: 16.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!