Алматы қаласы бюджетінің 2022-2025 жылғы әлеуметтік сала шығындары

17.09.2026

2022-2025 жылдары Алматы қаласының әлеуметтік салаға шығындары 461,1 млрд теңгеден 875,8 млрд теңгеге дейін 1,9 есе өсті және қала бюджетінің барлық шығындарының орта есеппен 41,2%-не тең.

2022-2025 жылдары Алматы қаласы бюджетінің әлеуметтік шығындарының 71,6%-ке тең басым бөлігі білім беруге тиесілі. Олар 2022 жылғы 326,4 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 70,8%) 2025 жылы 619,9 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 70,8%) дейін 89,9%-ке ұлғайды. Алматы қаласында 2025 жылы білім беру инфрақұрылымын ауқымды кеңейту жүргізілді: 20 жаңа мектеп пайдалануға берілді, 100 жаңа автобус сатып алу есебінен оқушыларды тасымалдау қызметтерімен қамту кеңейтілді, сондай-ақ оқу орындарын 114 заманауи пәндік кабинеттермен жарақтандыру қамтамасыз етілді. Жалпы, білім берудің қолжетімділігінің өсуі және материалдық-техникалық базаның нығаюы байқалды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке жұмсалған шығындар әлеуметтік саладағы барлық шығындардың орта есеппен 11,3%-не тең. 2022-2025 жылдары олар 52,2 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 11,3%) 98,4 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 11,2%) дейін 88,5%-ке ұлғайды. 2025 жылы Алматы қаласында мәдени-спорттық және туристік салаларда жоғары белсенділік тіркелді: 1,3 млн адамды қамтитын 5 мыңға жуық іс-шара өткізілді, 3 спорт нысаны пайдалануға берілді, сондай-ақ 2 мыңнан астам спортшының қатысуымен халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 9 халықаралық көрмеге қатысу және «World Craft City» мәртебесін беру Алматы қаласының оқиғалық және этномәдени туризм орталығы ретіндегі позициясын күшейтті.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға барлық әлеуметтік шығыстардың орта есеппен 9,3% мөлшерінде шығындар жұмсалды. Олар 2022 жылғы 44,5 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 9,6%) 2025 жылы 69,6 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 8,0%) дейін 56,6% мөлшерінде өсім көрсетті. Алматы қаласында 2025 жылы әлеуметтік қолдау жүйесімен халықтың әлеуметтік осал санаттарынан 191 мыңнан астам адам қамтылды.

2022-2025 жылдары орта есеппен 7,7%-тік ең аз үлеске ие денсаулық сақтау шығындары 38,0 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 8,2%) 87,9 млрд теңгеге дейін (әлеуметтік шығындардың 10,0%) 2,3 есе өсті. 2025 жылы салада медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруға және Алматы қаласында профилактикалық іс-шараларды дамытуға басты назар аударылды.

Талданып отырған кезеңде Алматы қаласында бюджетте үлкен үлесін сақтай отырып, әлеуметтік шығыстардың тұрақты өсуі байқалып, қаланың бюджет саясатының әлеуметтік бағытын көрсетеді.



Қарау саны: 52
Сақталған: 17.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!