Реттеушілік әсерді талдау: орталық мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған оқыту семинарлары

18.09.2026

17 қыркүйекте Институт сарапшылары мемлекеттік қызметшілерге реттеушілік әсерді талдауды қолдану практикасы бойынша екі оқыту семинарын өткізді. Семинарларға барлығы 14 мемлекеттік органның (Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Қаржы, Сауда және интеграция, Цифрлық даму, Инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,Оқу-ағарту, Төтенше жағдайлар, Әділет, Су ресурстары және ирригация министрліктері және т.б.) 45-ке жуық қызметкері қатысты.

Семинарларды РӘТ бойынша сертификатталған жаттықтырушы Айгүл Ербатырқызы Асенова (э.ғ. к., Сараптама орталығы директорының орынбасары) және Сараптама орталығының жетекші сарапшысы Қалиева Ақмоншак дайындап, өткізді.

Семинарға қатысушылар РӘТ өткізу бойынша шет елдердің әдістемелерімен, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу құралдарымен, Қазақстанда орталық және өңірлік деңгейлерде РӘТ рәсімін өткізу тәртібімен, РӘТ-тің әрбір қадамын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, РӘТ-тың талдамалық нысанымен, сондай-ақ реттеуші актіге талдау (бұдан әрі – РАТ) жүргізудің талдамалық нысанымен және тәртібімен танысты.

Семинарларды өткізу барысында РӘТ түрлері зерделенді және әрбір түр бойынша практикалық кейстер қаралды:

  1. жаңа реттеуші құралдарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезінде РӘТ-ті зерделеу кезінде никотинді, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салуды енгізу, риэлторлық қызметті реттеу және сыра мен сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау жөніндегі РӘТ қаралды;

  2. РӘТ-ті қайта қарау тәртібімен зерделеу кезінде коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды қайта қарау бойынша РӘТ қаралды;

  3. «Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығы бойынша міндетті талаптар тізіліміне енгізілген қолданыстағы реттеуші актілерге талдау (РАТ) жүргізу кезінде РӘТ қаралды.

Сондай-ақ, баламалы тәртіпте РӘТ өткізу тәртібі зерттелді.

Семинарға қатысушылар реттеушілік әсерге талдау жүргізу және практикалық кейстер бойынша талқыланатын мәселелерге үлкен қызығушылық танытты.

Семинарлардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді норма шығару процесінде РӘТ рәсімін практикалық қолдануға үйрету.



Қарау саны: 17
Сақталған: 18.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!