2026 жылғы 15 қыркүйекте Боао Азия форумы аясында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі (АТӨ) өңірлік ынтымақтастық бойынша «Азия-Тынық мұхиты қауымдастығына барар жолда. Пайым және іс-қимыл» (Toward an Asia-Pacific Community: Vision and Action) тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға
мемлекеттік органдардың, халықаралық
ұйымдардың, талдау орталықтарының,
академиялық және іскерлік қоғамдастықтың
өкілдері жиналды.
Қатысушылар
экономикалық интеграцияны тереңдету,
өңірдің сыртқы тәуекелдерге тұрақтылығын
арттыру, өңірлік байланыс пен жеткізу
тізбегін дамыту, энергетикалық және
экономикалық қауіпсіздікі, сондай-ақ
цифрлық экономика мен ЖИ саласындағы
ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сауда ашықтығына, инфрақұрылымдық
байланысқа және «жасыл дамуға» көшуге
ерекше назар аударылды.
«Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ Басқарма
төрағасы Біржан Баткеев дөңгелек
үстелдің «Энергетикалық және экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
жеткізу тізбектерінің өңірлік байланысын
және тұрақтылығын нығайту» сессиясында
сөз сөйледі. Сессияға Қытай, Бангладеш,
Таиланд, Вьетнам және басқа елдердің
өкілдері қатысты.
Өз
сөзінде Б.Баткеев энергетикалық
күйзелістер тек энергетикаға ғана емес,
сонымен қатар көлік, азық-түлік, өнеркәсіп
және қаржы секторына да әсер ететінін
атап өтті. Тұрақтылықты арттыру
бағдарларды әртараптандыру, баламалы
жеткізу арналары және маңызды
инфрақұрылымды нығайту арқылы өзара
тәуелділік тәуекелдерін басқаруды
талап етеді.
Ол
сондай-ақ Азияның неғұрлым әртараптандырылған
энергетикалық архитектурасын
қалыптастыруда Орталық Азияның артып
жатқан рөлін атап өтті. Өңір жаңартылатын
энергетика саласында үлкен минералдық
ресурстар мен әлеуетке ие болып, өңірлік
жеткізу тізбектері мен транзитке
қатысуды кеңейту, сондай-ақ қайта
өңдеуді, трансшекаралық энергетикалық
инфрақұрылымды, цифрлық жүйелер мен
жасыл технологияларды дамыту үшін
мүмкіндік алып отыр.
Дөңгелек
үстелге қатысушылар өңірлік байланысты
дамыту, энергетикалық саясатты үйлестіру
және жеткізу тізбегінің тұрақтылығы
қажеттігіне де тоқталып кетті. Институт
өңірлік тәуекелдерді бағалау, сценарийлік
талдау, энергетикалық қауіпсіздік және
АТӨ-да экономикалық ынтымақтастықтың
практикалық тетіктерін қалыптастыру
мәселелері бойынша Боао Азия форумымен
және талдау орталықтарымен өзара
іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін
білдірді.


