
2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматыда Қазақстанның бизнесті жауапты жүргізу бойынша Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) Хатшылығының басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары Әлішер Базарбаев KIMEP University студенттеріне, магистранттары мен оқытушыларына семинар өткізді.
Қатысушыларға бизнесті жауапты жүргізу бойынша ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының негізгі ережелері, тиісті байқампаздық тәсілдері, сондай-ақ Қазақстан ҰБО қызметінің негізгі бағыттары ұсынылды.
Семинар барысында адам құқықтары мен еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бизнестің теріс әсер ету тәуекелдерін басқару мәселелері талқыланды.
ҰБО шеңберінде нақты жағдайларды қарау тетігіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға өтініш беру мен алдын ала бағалаудан бастап консультациялар, келіссөздер мен медиацияға дейінгі процестің негізгі кезеңдері түсіндірілді. ҰБО тараптар арасындағы диалогқа және өзара қолайлы шешім іздеуге жәрдемдесетін бейтарап соттан тыс алаң ретінде әрекет етеді.
Кезедсу соңында ЭЫДҰ стандарттарын практикалық қолдану және бизнес пен басқа да мүдделі тараптардың Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері туралы пікірталас өтті.
Мұндай кездесулерді өткізу болашақ мамандар арасында бизнесті жүргізудің халықаралық стандарттарын жақсы түсінуге ықпал етеді және олардың Қазақстанда қолданылу мәселелері бойынша практикалық диалогты кеңейтеді.