Университеттің талғамдылығы түлектердің табысына әсер ете ме: Институтта осы тақырыпта зерттеу таныстырылды
22.09.2026
Экономикалық зерттеулер институтында «Университеттердің талғамдылығы және білім беруден қайтарымы. Қазақстан бойынша деректер» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараға Институттың сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері қатысты.Семинардың спикері – Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің деканы, Newcastle University (Ұлыбритания) экономика бойынша философия докторы Сәуле Кемелбаева. Неғұрлым таңдаулы университеттерде оқу түлектерге еңбек нарығында артықшылықтар бере ме деген сұрақ басты назарда болды. Университет түлектерінің жоғары табысы тек білім сапасына ғана емес, сонымен қатар мұндай жоғары оқу орындары бастапқыда академиялық нәтижелері жоғары талапкерлерді таңдауына байланысты болуы мүмкін. Зерттеудің негізі – Қазақстанның ұлттық университеттеріне қабылдау ережелерінің өзгеруі. 2012 жылы ұлттық университеттерге түсу үшін ҰБТ-ның ең төменгі шекті баллы 50-ден 70-ке дейін көтерілді, ал басқа университеттер үшін бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Бұл ұлттық университеттер талғамдылығын арттырудың түлектердің кейінгі кірістеріне әсерін бағалауға мүмкіндік берді.
Талдау 2012 жылы 7 ұлттық және 24 мемлекеттік университетке түсіп, 2016 жылы оқуын аяқтаған күндізгі бөлім бакалавриатының 6 791 түлегінің деректеріне негізделген. Жалақының көрсеткіші ретінде түлектердің міндетті зейнетақы аударымдары туралы деректер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның басқа мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарымен салыстырғанда неғұрлым таңдаулы және салыстырмалы түрде жақсы қаржыландырылатын ұлттық университеттерде түлектердің еңбек қызметінің бастапқы кезеңінде оқудан түсетін табыстарда айқын айырмашылықтарды анықтаған жоқ. Бұл ретте зерттеуде бірқатар кемшіліктер бар. Талдау мансаптың бастапқы кезеңін қамтиды, сондықтан жалақыдағы айырмашылықтар кейінірек көрінуі мүмкін. Сонымен қатар, ол неғұрлым таңдаулы университеттерде оқудың басқа ықтимал артықшылықтарын, соның ішінде жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен экономикалық емес әсерлерді бағалауға мүмкіндік бермейді.
Сәуле Кемелбаева білім беру экономикасы, еңбек экономикасы және гендерлік экономика саласындағы маман. Оның зерттеулері Education Economics, Eurasian Economic Review және International Journal of Educational Research журналдарында жарияланған. Сәуле Кемелбаева Дүниежүзілік банктің жоғары білім беру жобаларында жергілікті кеңесші болып жұмыс істеді және бірнеше білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктердің жұмысына аккредиттеу жөніндегі сарапшы ретінде қатысты.
Қарау саны: 35 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|