Өңір тынысы: Ақмола облысы

23.09.2026

Ақмола облысы Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан және батысында Қостанай облысымен, солтүстігінде Солтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Павлодар облысымен, оңтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі.

Өңір 1939 жылы 14 қазанда құрылды. Әкімшілік орталығы - 187 мыңнан астам халқы бар Көкшетау қаласы. Облыс аумағы 146,2 мың шаршы км немесе Қазақстан аумағының шамамен 5,4%.

Өңірдің құрамына 17 аудан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы 3 облыстық маңызы бар қала, Ақкөл, Атбасар, Макинск, Степняк, Щучинск, Ерейментау, Есіл және Державинск 8 аудандық маңызы бар қала, сондай-ақ 574 ауылдық елді мекен кіреді.

Өңірдің негізгі бәсекелес артықшылықтары - астанаға жақындығы, минералдық-шикізат базасының болуы, дамыған ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп. Облыс сонымен қатар Ресейдің іргелес өңірлерімеғ тұрақты экономикалық байланыстарға ие.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының халық саны 793 мың адам, оның ішінде 333,2 мың адам ауылдық жерлерде тұрды. Урбанизация деңгейі - 58%. 2026 жылғы қаңтар-маусымда оң көші-қон сальдосы 2,6 мың адам, ал 2025 жылғы осы кезеңде ол теріс сипатқа ие болып, 241 адамға жетті.

2026 жылдың II тоқсанында жұмыссыздар саны 18,6 мың адам, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 18,8 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі - 4,4%. 2026 жылғы қаңтар-маусымында орташа айлық атаулы жалақы 2025 жылдың ұқсас кезеңінде 355,5 мың теңгеге қарағанда 391,6 мың теңгеге жетті.

2025 жылы Ақмола облысының жалпы өңірлік өнімі 5,16 трлн теңге, оның 1,81 трлн теңгесі өнеркәсіпке тиесілі. Өңдеу өнеркәсібінің ЖҚҚ көлемі 1,37 трлн теңгеге жетті. Өңірдің минералды-шикізат базасына алтын, уран, мыс, молибден, көмір және басқа да шикізат түрлері кіреді.

Агроөнеркәсіптік кешен - өңір экономикасының негізгі салаларының бірі. 2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі шамамен 1,17 трлн теңгеге жетті. Облыс елдегі жоғары сапалы азық-түлік бидайы өндірісінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді.

Өңірде жалпы құны 5,45 млрд теңгеге бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылады. Олардың ішінде – Біржан сал ауданында бордақылау алаңын, Целиноград ауданында тігін фабрикасын және газоблоктар өндірісін, Қосшы қаласында жасанды мәрмәр жасау фабрикасын, сондай-ақ Шортанды ауданында астық элеваторын салу. Аталған жобаларды іске асыру 2026-2028 жылдарға жоспарланды.

Астанаға қолайлы көліктік-географиялық жағдайы мен жақындығы сауданы, қойма инфрақұрылымын және логистиканы дамыту үшін жағдай жасайды.

Туристік сала айтарлықтай әлеуетке ие. Өңірдің негізгі туристік орталығы – Щучинск-Бурабай курорттық аймағы. Зеренді курорттық аймағы және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы экологиялық туризм де перспективалы бағыттар.

Жалпы, Ақмола облысының болашағы қайта өңдеу өнеркәсібін дамытумен, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдетумен, инвестициялар тартумен, сондай-ақ логистика мен туризмді дамытумен байланысты.



Қарау саны: 56
Сақталған: 23.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!