2025 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру - аумақтардың өмір сүру сапасы мен кеңістіктік дамуын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі.
Бұл
ретте Өңірлік стандарттар жүйесінің
(ӨСЖ) мониторинг нәтижелері газбен
жабдықтаудың дамуын халықтың қамтамасыз
етілу деңгейі бойынша ғана бағалау
жеткіліксіз екенін көрсетеді. Қолданыстағы
желілердің жағдайы, олардың тозуы,
ауыстыру қажеттілігі және жаңа
инфрақұрылым нысандарын салу қажеттілігі
де маңызды.
Орталықтандырылған
газбен қамтамасыз етудің ең жоғары
деңгейі Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе
облыстарында байқалады. Бірқатар
өңірлерде жоғары қамту желілердің
айтарлықтай тозуымен қатар жүреді.
ӨСЖ
деректеріне сәйкес, жалпы республика
бойынша ауыстыруды қажет ететін газ
құбыры желілерінің ұзындығы 6,1 мың км.
Республика
бойынша жаңа газбен жабдықтау желілерін
салуға жалпы қажеттілік 19,2 мың км-ға
жетіп, жеке өңірлерде айтарлықтай жоғары
дәрежеде көрініс табады.
2035
жылға қарай 80%-ке газдандырудың нысаналы
деңгейіне қол жеткізу тұрғысынан бұл
аспект ерекше мәнге ие. Қамту кеңейген
сайын бір тұтынушыны қосу құны артуы
мүмкін, өйткені қалған газдандырылмаған
елді мекендер, әдетте, халықтың аздығымен
және қолданыстағы инфрақұрылымнан
үлкен қашықтықпен сипатталады. Сондықтан
жаңа жобалардың экономикалық тиімділігі
қосылатын тұрғындардың санына ғана
емес, сонымен қатар газ желілерін одан
әрі жүктеу перспективаларына да
байланысты.
Газдандыруды
одан әрі кеңейту Қазақстанға халықтың
және бюджеттік ұйымдардың жылыту
шығындарын төмендетуден бастап
өнеркәсіптік даму мен инвестициялар
тарту сияқты бірден бірнеше бағыт үшін
жағдай жасайды.
Өңірлік
экономика үшін газ инфрақұрылымының
болуы жаңа өндірістерді орналастыруға
және инвестициялар тартуға жәрдемдеседі.
Мысалы, Қостанай облысында газ тасымалдау
инфрақұрылымын дамыту астықты терең
өңдеу, сазбалшық және алюминий өндіру,
газ химиясы және ыстық брикеттелген
темір шығару бойынша перспективалы
кәсіпорындардың қажеттіліктерін
ескереді.
Осылайша,
газ құбыры тек коммуналдық инфрақұрылым
ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік
жобаларды жүзеге асырудың шарты бола
алады.
Сондықтан
жобалардың экономикалық тиімділігін
жан-жақты бағалаған жөн: құрылыс және
пайдалану құны, қосылатын тұтынушылар
саны, газды тұтынудың ықтимал көлемі,
тартылған инвестициялар, өндіріс өсімі,
ашылған жұмыс орындары, салық түсімдері,
балама отынды үнемдеу және экологиялық
әсер.
Жанерке
Рахман, Өңірлік зерттеулер және өмір
сапасы орталығының аға сарапшысы