Қазақстан GII 2026 индексінде: 8 позицияға жоғарылау және 7 жылда ең үздік нәтиже

30.09.2026

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) әлемнің 139 экономикасының инновациялық дамуын бағалайтын 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексті (Global Innovation Index) жариялады.

2026 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 8 позицияға жоғарылап, 29,1 балмен 73-орынды иеленді. 2025 жылы ел 26,3 балмен 81-орында болды.

Қазақстан өңірлік деңгейде Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Үндістаннан кейін 2-ші орында. Одан кейін 74-ші орында Бутан, 77-ші орында Өзбекстан орналасқан.

Орташадан жоғары табысы бар елдер тобында Қазақстан 2026 жылы рейтингте ұсынылған 35 экономиканың ішінде 17-ші орынды иеленеді.


Қазақстан: негізгі өсім білім мен технология есебінен қамтамасыз етілді

2026 жылы Қазақстан Индекстің «Институттар», «Адами капитал және зерттеулер», «Ішкі нарықты дамыту», «Білім және технологиялар саласындағы нәтижелер» және «Креативті қызмет нәтижелері» жеті көрсеткішінің (факторының) бесеуі бойынша позициясын жақсартты.

«Білім және технология саласындағы нәтижелер» факторы бойынша ең жоғары прогресс байқалады: Қазақстан 87-ші орыннан 69-шы орынға бірден 18 позицияға көтерілді, ал фактордың мәні 16,0-дан 21,9 балға дейін өсті.

Фактор аясында, әсіресе «Білімді құру» қосалқы факторы бойынша 67-ші орыннан 49-шы орынға жақсару байқалады. Экономиканың көлеміне шаққандағы пайдалы модельдер саны бойынша Қазақстан әлемде 7-орында, еңбек өнімділігінің өсуі бойынша 20-орында (көрсеткіш 1,67%-тен 3,53%-ке дейін өсті), жоғары технологиялық өнім экспорты бойынша 27-орында. Жалпы сауда көлеміндегі жоғары технологиялық экспорт үлесі 6,4%-тен 8,7%-ке дейін өсті.

Қазақстанның ілгерілеуі инновациялық қызмет үшін жағдай жақсартумен ғана емес, сонымен қатар инновациялық нәтижелердің өсуімен де байланысты. Бұл Индекстің жалпы құрылымында да көрініс табады: инновацияларға арналған ресурстар бойынша Қазақстан 75-тен 73-орынға, ал инновациялық нәтижелер бойынша 84-тен 73-орынға бірден 11 позицияғакөтерілді.

«Ішкі нарықты дамыту» факторы бойынша да 93-тен 89-шы орынға дейін оң серпін байқалады. Бұл ретте «Сауда, әртараптандыру және нарық көлемі» қоалқы факторы бойынша Қазақстан 73-тен 57-орынға көтерілді.

«Шығармашылық қызмет нәтижелері» факторы бойынша позиция 82-ден 77-орынға жақсарды. Қазақстан 15-69 жас аралығындағы миллион адамға шаққандағы ұлттық толықметражды фильмдер саны бойынша 24-ші орында. Бұл шығармашылық индустриялар санатындағы мықты нәтиже.

«Институттар» факторы бойынша позиция 77-ден 75-ке, «Адами капитал және зерттеулер» факторы бойынша 68-ден 67-орынға көтерілді.

GII 2026 индексінің нәтижелері Қазақстанның позициясының айтарлықтай жақсарғанымен қатар, инновациялық әлеуетті одан әрі нығайтуға мүмкіндіктер сақталатынын көрсетеді. R&D шығындары ЖІӨ-нің 0,145%-тен 0,162%-ке дейін өсті, бұл білімді құру және оны коммерцияландыру нәтижелерін одан әрі дамытуға негіз болады.

Ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын күшейтумен байланысты қосымша мүмкіндіктер бар. R&D саласында университеттер мен бизнес арасындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан 115-тен 108-орынға көтерілді. Бірлескен зерттеулерді, қолданбалы әзірлемелерді және кластерлерді дамыту ғылыми әлеуетті компаниялардың қажеттіліктерімен тиімдірек байланыстыруға мүмкіндік береді.

Одан әрі өсу әлеуеті экологиялық және цифрлық технологияларды дамытумен байланысты. Экологиялық тұрақтылық бойынша позицияның 127-ден 124-орынға жақсаруы төмен көміртекті шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді, ал мемлекеттік онлайн-қызметтер (10-орын) және АКТ (27-орын) бойынша жоғары позициялар экономикада бағдарламалық өнімдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Инновациялық компаниялардың дамудың әртүрлі кезеңдерінде қаржыландыруға қолжетімділігін одан әрі кеңейтуге негіз қалайтын венчурлік қаржыландыруды тарту бойынша Қазақстан 112-орыннан 94-орынға көтерілді. Зерттеулердің ғылыми өнімділігі мен дәйексөзділігін бір мезгілде арттыру, олардың технологиялық дамуға және нәтижелерді коммерцияландыруға қосқан үлесін күшейтуі мүмкін.

Жалпы, нәтижелер Қазақстанның цифрландыруда және білім құрудың жекелеген бағыттарында мықты позицияларды қалыптастырғанын көрсетеді. Келесі міндет – ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын күшейту және коммерцияландыруды дамыту арқылы осы артықшылықтарды жаңа технологияларға, өнімдер мен компанияларға тиімдірек түрлендіру.


Әлемдік инновациялар: инвестициялар жаңа технологиялар айналасында шоғырланады

GII 2026 индексі 2023 жылғы құлдыраудан кейін әлемдік инновациялық белсенділіктің қалпына келгенін көрсетеді. Сонымен қатар, көптеген бағыттар бойынша өсу қарқыны соңғы онжылдықтың орташа көрсеткіштерінен төмен қалып отыр.

Әлемдік ғылыми жарияланымдар көлемі 6,9%-ке артып, 2,4 млн мақала көрсеткішінен асып түсті. 2024 жылы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған жаһандық шығындар нақты мәнде 4,7%-ке өсті, ал олардың қарқындылығы әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 2% деңгейінде сақталуда.

Жаһандық зерттеулердің географиясы да өзгеруде: Қытай R&D шығындарының жиынтық көлемі бойынша АҚШ-тан шамалы озды. Әлемдегі ең ірі компаниялардың зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсаған шығындары рекордтық 1,5 трлн АҚШ долларына жетті, бұл ретте бағдарламалық қамтамасыз ету және жасанды интеллект саласындағы компаниялар негізгі қозғаушы күш рөлін атқарады.

Венчурлік капитал нарығында әсіресе айқын трансформация болып жатыр. 2025 жылы венчурлік мәмілелердің құны 510 млрд АҚШ долларға дейін шамамен 28%-ке өсті, алайда мәмілелер саны қатарынан төртінші жыл қатарынан азайып келеді. Бұл капитал көлемінің өсіп, бірақ инвестициялардың шоғырланғандығын білдіреді.

Басты тартылыс орталығы – жасанды интеллект. 2025 жылы ЖИ әлемдегі венчурлік қаржыландырудың 53%-не, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында оның үлесі 77%-ке жетті. Қазір жаһандық венчурлық капиталдың елеулі бөлігі бір технологиялық бағытқа шоғырланған.

Инновациялар географиясы да кеңейіп жатыр. GII 2026 индексінің көшбасшылары - Швейцария, Швеция және АҚШ, олардан кейін Оңтүстік Корея Республикасы мен Сингапур орналасқан. Рейтингтегі жетекші елдер арасында орташа табыс деңгейі бар жалғыз экономика ретіндеҚытай 10-шы орынға ие болды. Кейінгі жылдары Үндістан, Вьетнам, Түркия, Филиппин, Марокко және Индонезия да айтарлықтай жоғары орындарды иеленді.

GII 2026 индексінің тағы бір маңызды үрдісі – ғылыми зерттеулерді технологиялар мен бизнеске айналдыруға негізделген терең ғылым кәсіпкерлігінің (deep science entrepreneurship) дамуы. 2000 жылдан бастап әлемде жалпы құны шамамен 8 трлн АҚШ доллар 30 мыңнан астам deep science стартаптары мен spin-off компаниялары құрылып, бұл компаниялардың жартысына жуығы патенттерге ие болды.

Бұл үрдіс жаһандық инновациялық бәсекелестік моделінің өзгеруін көрсетеді. Қазір тек білімді құру немесе цифрлық инфрақұрылымды дамыту жеткіліксіз. Экономиканың «ғылым – технологиялар – қаржыландыру – бизнес – нарық» жұмыс істейтін тізбегін құру қабілетінің маңызы артып келеді.

Осы тұрғыдан GII 2026 индексіндегі Қазақстанның нәтижелері прогресті де, одан әрі даму бағыттарын да көрсетеді. 81-ші орыннан 73-ші орынға көтерілу, білім мен технология саласындағы нәтижелер бойынша 18 позицияға ілгерілеу және цифрландырудағы мықты позициялар келесі кезеңге өту негізін қалайды.

Индексте әрі қарай жоғарылау зерттеулер мен әзірлемелерді кеңейтумен, ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтумен, технологиялық кәсіпкерлікті, венчурлік қаржыландыруды және коммерцияландыру тетіктерін дамытумен байланысты. Ғылыми және цифрлық әлеуетті сұранысқа ие технологиялар мен жаңа компанияларға айналдыру қабілеті инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі.



Қарау саны: 44
Сақталған: 01.10.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!