Қазақстан экономикасы 7 жылда қалай өзгерді

30.09.2026

Қ.Тоқаев Президент тізгінін алған уақыттан бергі 7 жыл әртүрлі сын-қатерлерге тап келді деуге болады. Мысалы, 2019 жылдың соңында әлемде басталған «COVID-2019» пандемиясы әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму жолына кері әсер еткені сөзсіз. Қазір де әртүрлі сыртқы факторлар еліміздің экономикасына ықпал етіп келеді. Қазақстанның экономикасы халықаралдық деңгейдегі қатынастармен тығыз байланысты. Сондықтан әлемдегі геосаяси жағдайлар еліміздің кейбір экономикалық салаларының дамуына ықпал етері сөзсіз.

Осындай сын-қатерлерге қарамастан, өткен 7 жылдың ішінде Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 2,3 есеге өсіп, 2026 жылдың 1-тоқсандағы жағдаймен 1 661 600 теңгені құраған. Сондай-ақ, аталған мерзім ішінде жан басына нақты шаққандаңы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны да өскенін байқауға болады. Айталық, 2019 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2005 жылмен салыстырғанда 161,6% құраған.

Сурет. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 2005-жылмен салыстырғандағы жылдық өсу қарқыны, %

Алайда, 2020-жылдан басталған пандемия және басқа факторлар салдарынан 2022 жылы 159,8%-ға дейін төмендегенімен, 2025 жылы 181,1%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар ел экономикасының құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесі қарқынды артып келе жатқанын айтуға болады. 2019 жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнімнің 11,8% өңдеуші өнеркәсіп құраса, 2025 жылдың нәтижесі бойынша бұл көрсеткіш 12,8% құраса, ал 2026 жылдың 1-жарты жылдығындағы жағдаймен 14%-ға дейін артқан. Алайда, ел экономикасының құрылымын сапалық жағынан ары қарай да дамыту еліміздің алдыңғы қатарлы стратегиялық міндеттері қатарында.

Өткен 7 жылда ел халқының саны да қарқынды өсіп келе жатқанын ескерсек, жоғарыдағы көрсеткіштер ел экономикасының тұрақты негіздерінің қалыптасып келе жатқанына дәлел болады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ,и 2012-2019 жылдар аралығында елдегі халық саны 1 720 999 адамға өссе, 2019-2026 жылдар аралығында 2 105 180 адамға өскен.

Жалпы ішкі өнімнің өсуінің халықтың әл-ауқатына да оң ықпал еткенін байқаймыз. Қазақстандағы жұмысшылардың әр сағатта табатын орташа табысы соңғы 7 жылдың ішінде 2,2 есе артқанын айта кеткен жөн. Халықтың нақиты табысындағы өсім барын орташа айлық табыс пен медиандық табыстың арасындағы айырмашылықтың қысқарып келе жатқанынан да байқауға болады. Айталық, 2019 жылы орташа және медианлдық табыс арасындағы айырмашылық табыс 66% құраса, 2025 жылы 39,6%-ға дейін төмендеген. Бұл қазіргі таңда орташа жалақы мөлшерінің айтарлықтай артып келе жатқанын көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, 2019 жылы орташа жалақы 185 487 тңнге, медиандық жалақы 112 195 теңге болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақы - 443 315 тенге, медиандық жалақы - 317 512 теңгені құраған. Демек, 7 жылдың ішінде орташа жалақы 2,4 есе өссе, табысты нақтырақ көрсететін медиандық жалақы 2,8 есеге артқан.

Табыстың өсуіне еліміздегі бейресми жұқмыспен қамтылғандар саны да ықпал еткенін айта кеткен жөн. Бейресми жұмыспен қамтылғандар үлесі 2019 жылы 13,7% болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 10,1% дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдың ішінде 2 есе азайған.

Демек, өткен 7 жыл еліміздің дамуының тұрақты негізін қалыптастырудағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттардың алға жылжуының кезекті белесі болды деуге толықт негіз бар.


Хамбар Бақытгүл, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық директоры



Қарау саны: 39
Сақталған: 01.10.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!