2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция тамыз айындағы 9,8%-пен салыстырғанда 9,3%-ке дейін төмендеді. Төменде өңірлік бөліністегі тұтынушылық инфляция серпініне талдау жасалған.
Тұтыну
бағасының ең жоғары өсуі Солтүстік
Қазақстан облысында тіркелді, 11,3%-ке
жеткен бұл өсім орташа республикалық
көрсеткіштен 2 п.т-ға артық. Ақмола
(11,2%), Жетісу (10,6%) және Түркістан (10,4%)
облыстарында да инфляцияның жоғары
қарқыны байқалды.
Қарағанды
(7,7%), Павлодар (7,7%) және Ақтөбе (7,8%)
облыстарында ең төмен көрсеткіштер
тіркеліп, республикалық орташа инфляция
деңгейімен (9,3%) салыстырғанда тұтыну
бағаларының баяу серпінін көрсетеді.
Инфляциялық
қысымның сақталуына қарамастан, ағымдағы
серпін еліміздің бірқатар өңірлерінде
баға процестерінің біртіндеп тұрақтанғанын
байқатады. Ірі қалалар мен жеке облыстарда
инфляцияның 10%-тен төмен деңгейде
сақталуы бағаның өсуін тежеу бойынша
жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін
көрсетеді.
