
2015 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі елдің әлемдік экономикаға интеграциялануының негізгі кезеңдерінің бірі болды. Он бір жылдан кейін бұл қадамның сандық нәтижелерін ғана емес, сонымен қатар ДСҰ-ға мүшелік Қазақстанның сауда жағдайын қаншалықты өзгертті және ұйым протекционизм экономикалық саясаттың айқын бөлігіне айналған әлемде өз құндылығын сақтап қала ма деген сұраққа жауап алуға болады.
Жауап
белгілі бір сақтықты талап етеді. 2025
жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның
сыртқы сауда айналымы 2015 жылғы деңгейге
қатысты 89%-ке ұлғайып, 144,7 млрд АҚШ
долларға жетті. Осы кезеңде экспорт
72%-ке, ал импорт екі есе астам өсті. 2024
жылы Қазақстанның ДСҰ-дағы сауда
саясатына бірінші шолу барысында ұйым
мүшелері елдің кірген сәттен бастап
оның сауда көлемінің шамамен екі есе
артқанын атап өтті.
Алайда,
осы өсімнің барлығын ДСҰ-ға мүше болумен
ғана байланыстыру дұрыс емес. Қазақстан
шикізат тауарларының ірі экспорттаушысы
болғандықтан сыртқы сауданың құны
әлемдік мұнай, металл және уран бағаларымен
айқындалады. Сауда серпініне Еуразиялық
экономикалық одақтың дамуы, геосаяси
процестер, валюта бағамының ауытқуы,
көлік-логистикалық шектеулер және тауар
ағындары географиясының өзгеруі де
әсер етті.
Сондықтан
ДСҰ әсерін тек Қазақстанның қанша
экспорттай бастағанымен ғана емес, ең
алдымен елдің сыртқы әлеммен қандай
шарттармен сауда жасайтынымен бағалау
керек. Бұл тұрғыда өзгерістер айқын
көрінеді.
ДСҰ-ға
кіру Қазақстан үшін басқа мемлекеттердің
нарықтарына кірудің болжамды ережелерін
бекітті және ұлттық реттеуді халықаралық
сауда нормаларына сәйкестікке келтіруді
талап етті. Қабылданған міндеттемелер
аясында Қазақстан барлық тауар позициялары
бойынша тарифтерді байланыстырды, ал
ең қолайлы режимнің орташа қолданылатын
мөлшерлемесі 2015 жылғы 7,8%-тен 2025 жылға
қарай 5,6%-ке дейін төмендеді. Ашық тарифтік
режим жабдықтар мен өндірістік ресурстарды
импорттауға кедергілерді азайтты, ал
тарифтердің шекті деңгейлерін бекіту
бизнес пен инвесторлар үшін сыртқы
сауда шарттарының болжамдылығын
арттырды.
Сауда
рәсімдерін жеңілдету де маңызды
нәтижелердің бірі. Қазақстан экспор-импорт
операцияларды жүзеге асыру кезінде
электрондық кедендік декларациялауды,
«бір терезе» қағидатын және кедендік
тәуекелдерді басқару жүйесін жүйелі
түрде енгізді. Сауда саясатын шолу
барысында ДСҰ мүшелері Қазақстанның
бұл саладағы жетістіктерін жеке атап
өтті.
Міне,
мүшеліктің ең бағаланбаған нәтижелерінің
бірі осында. ДСҰ – бұл экспортты арттыру
тетігі емес, халықаралық сауданы болжамды
ететін ережелер жүйесі. Бұл компаниялар
үшін реттеушілік белгісіздікті азайтады,
ал инвесторлар үшін нарықтарға қол
жеткізу шарттары мен сауда саясатының
өзгеру тәуекелдерін жақсы бағалауға
мүмкіндік береді.
Неге
экспорт әлі түбегейлі өзгермеді?
Бір
жағынан, ДСҰ-ға кіру қазақстандық
компаниялардың бірыңғай халықаралық
ережелер негізінде әлемдік нарықтарда
жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтті.
Екінші жағынан, сауданың сандық өсуі
экспорттық себеттің сапалық өзгерісіне
әкелген жоқ.
2025
жылы шикі мұнай Қазақстанның тауар
экспортының шамамен 50,5%-не жетті. Басқа
ірі экспорттық тауарлар қатарында
радиоактивті элементтер мен изотоптар,
рафинадталған мыс, мыс кендері мен
концентраттары, ферроқорытпалар қалды.
Бұл
ДСҰ-ға мүшелік нәтижелерін бағалаудағы
негізгі мәселе.
Экспортты
әртараптандыру ең алдымен экономика
ішінде қалыптасады. Ол үшін бәсекеге
қабілетті кәсіпорындар, технологиялық
даму, еңбек өнімділігінің өсуі,
қаржыландыруға қол жетімділік, көлік
байланысы, халықаралық стандарттарға
сәйкестік және бизнеске жаһандық
құндылықтар тізбегіне қосылу қабілеті
қажет.
Сондықтан
қазақстандық экспорттың жоғары
шоғырлануын сақтау ДСҰ-ға мүшеліктің
тиімсіздігін білдірмейді. Бұл сауда
саясаты мүмкіндіктерінің шегін көрсетеді.
Халықаралық ережелер нарыққа қол
жеткізуді қамтамасыз ете алады, бірақ
бәсекеге қабілетті экспорттық өнімді
ұлттық экономиканың өзі жасауы керек.
Қазақстанның
сауда саясатының келесі кезеңі ашық
нарықтардың санымен емес, бизнестің
бұл қолжетімділікті іс жүзінде пайдалана
алу қабілетімен өлшенуі тиіс.
ДСҰ
инвесторлар үшін сигнал ретінде
ДСҰ-ға
мүшелік сауда үшін ғана емес, сонымен
қатар елдің инвестициялық тартымдылығы
үшін де маңызды. Инвестор үшін тек ішкі
нарықтың көлемі, ресурстардың құны
немесе мемлекеттік қолдаудың болуы
ғана емес, сонымен қатар экономиканың
сыртқы әлеммен өзара әрекеттесетін
ережелерінің болжамдылығы да маңызды.
ДСҰ-ға
қосылу Қазақстан үшін инвесторларға
институционалдық белгі болды: ел тарифтік
реттеу, тауарлар мен көрсетілетін
қызметтер саудасы, техникалық талаптар,
зияткерлік меншікті қорғау және сауда
саясатының ашықтығы салаларында
халықаралық міндеттемелерді қабылдады.
Бұл ұзақ мерзімді инвестициялық
шешімдерді қабылдау кезіндегі
белгісіздікті азайтады.
Экспорттық
өндірістерді құруға бағытталған
компаниялар үшін мұндай болжамдылық
ерекше маңызға ие. Жабдықтар мен
бөлшектерді әкелу, сондай-ақ өнімді
кейіннен экспорттау шарттарын алдын
ала бағалау мүмкіндігі өндірісті
орналастыру елінің таңдауындағы
факторлардың бірі.
Сонымен
қатар, ДСҰ-ға мүшелік шетелдік
инвестициялардың ағынын өзінен-өзі
кепілдендірмейді, бірақ инвесторлар
үшін неғұрлым болжамды институционалдық
ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Протекционизм
дәуіріндегі ДСҰ
Кейінгі
жылдары Дүниежүзілік сауда ұйымы әрекет
ететін орта айтарлықтай өзгерді. Ірі
экономикалардың сауда жанжалдары,
өнеркәсіптік саясат, стратегиялық
салаларды субсидиялау, санкциялық
шектеулер және мемлекеттердің жеке
жеткізушілерге тәуелділікті азайтуға
ұмтылысы әлемдік сауданың фрагментациясын
күшейтеді.
ДСҰ
бағалауы бойынша, ең қолайлы режим
шарттарымен жүзеге асырылатын әлемдік
тауар саудасының үлесі 2026 жылдың ақпан
айының соңына қарай шамамен 80%-тен 72%-ке
дейін қысқарды. Дегенмен, тауарлардың
жаһандық саудасының төрттен үштен
астамы әлі де НҚР шарттарымен жүзеге
асырылып, көпжақты сауда жүйесінің
сақталып отырған рөлін растайды.
Қазақстан
үшін ДСҰ бірден бірнеше функцияны
атқарады: нарықтарға бекітілген
қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сауда
саясатының ашықтығына қойылатын
талаптарды белгілейді, техникалық және
санитарлық шараларды қолдануды реттейді,
тарифтер мен сауда қорғау құралдарына
қатысты ережелерді белгілейді және
басқа мемлекеттердің шараларына дауласу
мүмкіндігін береді.
Соңғы
тетік Қазақстан үшін тек теориялық
жағынан қолдану шегінен асты.
2026
жылдың сәуір айында Қазақстан ДСҰ
дауларды шешу жүйесінде өтініш беруші
ретінде алғаш рет Индонезиямен
қазақстандық теміржол орамдарына
қосымша импорттық баждар бойынша
консультациялар сұрап, қатысты. Қазақстан
бұл шаралардың 1994 жылғы ТСБК, Демипингке
қарсы келісім және ДСҰ құру туралы
Марракеш келісімінің жекелеген
ережелеріне сәйкес келмеуі мүмкін
екенін мәлімдеді.
Бұл
жағдай мүшеліктің практикалық құндылығын
айқын көрсетеді. Көпжақты жүйе болмаған
жағдайда, әртүрлі ауқымдағы экономикалар
арасындағы сауда дауы олардың экономикалық
және келіссөз күшіне көбірек байланысты
болар еді. ДСҰ аясында нақты халықаралық
міндеттемелер мен белгіленген ережелер
қарастырылады.