Қазақстан мен Оман: ұзақ жылғы ынтымақтастық пен стратегиялық инвестициялық әріптестік
05.10.2026
Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды. Оман - тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанды қолдаған Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің алғашқы мемлекеттерінің бірі.2022 жылы тараптар саяси, инвестициялық, сауда, білім, мәдени және туристік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға деген қызығушылықтарын растайтын бірлескен коммюнике қабылдап, дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтті. Қазақстан мен Оман тұрақты саяси диалог жүргізеді және халықаралық, көпжақты құрылымдар аясында өзара іс-қимыл жасайды. 2026 жылы тараптар арасындағы байланыстар жоғары және жұмыс деңгейлерінде жандандырылды. 2026 жылғы 18–19 мамырда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Склярдың Оманға сапары барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
2026
жылғы 31 тамызда Астанада екі елдің
сыртқы саяси ведомстволары арасындағы
саяси консультациялардың екінші кезеңі
шеңберінде тараптар сенімді саяси
диалогты одан әрі нығайтуға деген
қызығушылықтарын растады.
Қазақстан мен Оманның өзара сауданы одан әрі кеңейту және тауар номенклатурасын әртараптандыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар. Инвестициялық ынтымақтастық – Қазақстан мен Оман арасындағы қарым-қатынастардың ең қарқынды дамып келе жатқан бағыты. 2026 жылдың сәуіріне қарай жалпы сомасы шамамен 3 млрд АҚШ долларына бес ірі жобадан тұратын бірлескен портфель қалыптастырылды . Екі жоба жүзеге асырылды. Олар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі энергетика және теміржол салаларында 1,1 млрд АШ долларға жетті , ал қалған жобалар, соның ішінде кендерді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр. Негізгі құжаттардың бірі - Астанада 2026 жылғы 24 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ пен Oman Investment Authority арасында қол қойылған Негізгі шарттар туралы келісім (Heads of Terms). Қол қою рәсімі Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Оман Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Сайид Тейязин бин Хайсам Әл Саидтің қатысуымен өтті. Келісім тараптардың инвестициялық ынтымақтастықты дамыту ниеттерін бекітеді және бірлескен инвестициялық платформаны, бірлескен кәсіпорынды, инвестициялық қорды немесе серіктестіктің өзге де форматтарын құруды көздейді.
Қазақстан мен Оманның саяси қарым-қатынастары тұрақтылық пен өзара сеніммен сипатталады және көп жылдық сындарлы өзара іс-қимыл тарихына негізделген. Тараптар екіжақты байланыстарды жүйелі түрде дамытып, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растайды. Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтің Қазақстанға сапары саяси диалогты тереңдету, практикалық өзара іс-қимылды кеңейту және Қазақстан мен Оман арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін беру үшін қосымша мүмкіндік береді. Әлия Мусина, Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының жетекші сарапшысы
Қарау саны: 65 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|