Шымкент қаласы бюджетінің 2022-2025 жылғы әлеуметтік сала шығындары

08.10.2026

2022-2025 жылдары әлеуметтік сала шығындары Шымкент қаласы бюджетінің жалпы шығындарының орта есеппен 52,1%-не тең. Осы кезеңде олар 267,2 млрд теңгеден 439,0 млрд теңгеге дейін 1,6 есе өсім көрсетті.

Білім беру шығындары орта есеппен 76,7% үлеске ие. Шымкент қаласы бюджетінен бұл бағытқа бөлінген қаржы 2022 жылы 200,1 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 74,9%-ы) 2025 жылы 336,9 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 76,7%-ы) дейін 1,7 есе артты. Қарастырылып отырған кезеңде білім беру инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту процестері жалғасты: 13 жаңа мектеп, 5 мектеп корпусы мен қосымша ғимараттар, 2 оқушылар сарайының құрылысы мен пайдалануға беру, 51 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ оқу орындарын пәндік кабинеттермен және жабдықтармен белсенді жарақтандыру жүзеге асырылды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындары 10,0%-ке тең екінші үлкен үлеске ие. Бұл шығыстар 2022 жылы 32,1 млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардың 12,0%-і) 2025 жылы 37,5 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың 8,5%-і) дейін 16,9%-ке өсті. Талданған кезеңде 9 жаңа нысанның құрылысы мен 10 нысанға жөндеу жұмыстарын қоса алғанда, мәдени және спорттық инфрақұрылымның дамуы байқалады. Сонымен қатар, 34 спорт алаңы жабдықталды. Қаланың туристік әлеуетін арттыру жөніндегі бастамалар бір мезгілде жүзеге асырылып, оның имиджін қалыптастыруға және тартымдылығын арттыруға ықпал етті.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар, жалпы әлеуметтік шығындардың 9,5%-не тең. 2022-2025 жылдары бұл шығындар 25,0 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 9,4%) 43,3 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 9,9%) дейін 1,7 есе артты.

2022-2025 жылдарға арналған жалпы шығындар көлемінде денсаулық сақтау шығындары 4,0%-ке ие. 2022-2025 жылдары олар 9,9 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 3,7%-і) 21,3 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 4,9%-і) дейін 2,1 есе артты. Талданып отырған кезеңде саланың дамуы инфрақұрылымды жаңартумен және жабдықтау деңгейін арттырумен қатар жүрді: 23 автокөлік сатып алынды, 2 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету деңгейі 88,5%-ке дейін өсті.

Жалпы, 2022-2025 жылдары Шымкент қаласының әлеуметтік шығындарының бюджеттегі үлкен үлесі сақтала отырып, тұрақты өсуі байқалып, бюджет саясатының айқын әлеуметтік бағытын көрсетеді. Білім беру саласындағы инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ басқа да салалардың біртіндеп дамуы халық үшін базалық әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.



Қарау саны: 43
Сақталған: 08.10.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!