Бельгия ең ірі инвесторлардың ондығына кіреді. Екі елдің ынтымақтастығы сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және логистиканы, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді қамтиды.
2026
жылғы қаңтар-тамызда
тауар айналымы бір
жылда 9%-ке өсіп, 353,1
млн долларға жетті.
Қазақстандық экспорт 9,7%-ке, 183,7 млн
долларға дейін өсті. Негізгі жеткізілетін
тауар - зығыр тұқымы: 112,4 миллион доллар
немесе экспорттың 61,2%-і. Басқа ірі
позицияларға молибден кендері мен
концентраттары, титан және бидай жатады.
Бельгиядан
импорт 8,3%-ға
өсіп, 169,4 миллион долларға жетті. Қазақстан
негізінен дәрілік заттарды, қазандықтарға
арналған қосалқы жабдықтар мен мұнай
өнімдерін сатып алды.
2005-2025
жылдары Қазақстан 14,8 млрд доллар
бельгиялық инвестиция тартты. 2026
жылдың бірінші жартыжылдығында жеке
капиталдың жалпы ағыны 428,2 млн долларға
жетті.
Ірі
өнеркәсіптік жобалардың бірі - Carmeuse
Group-пен бірлесіп, Saryopan
Operating ашқан Қарағанды облысындағы әк
зауыты. Кәсіпорынның құны шамамен 30
млрд теңге, жобалық қуаты
жылына 330 мың тонна. 200-ден астам
тұрақты жұмыс орны құрылды.
Сонымен
қатар, бельгиялық John
Cockerill Qarmet-ке болатты мырыштау және
полимерлі жабындарды жағу кешеніне
арналған жабдықты жеткізеді. Жобаның
құны - 84 млрд теңге. Іске қосу 2027 жылға
жоспарланды, 350 жұмыс орны
ашылады деп күтіледі.
Логистикада
Sarens 56 миллион
долларға дейінгі
инвестициямен
Қорғас маңында хаб салуды жоспарлап
отыр. Тасымалдау үшін қосымша
мүмкіндіктерді 2026 жылғы 16 маусымда
аптасына бес рейс жиілігімен іске
қосылған Льеж мен Қарағанды арасындағы
ASL Airlines Belgium бағыты ашады.
Ғылыми
ынтымақтастық та дамып жатыр. 2026 жылдың
маусымында Гент университетімен
және KU Leuven-мен жасанды интеллект,
математикалық модельдеу, жаңа материалдар
мен маңызды металдар саласындағы
бірлескен зерттеулер мен мамандарды
даярлауды көздейтін келісімдерге қол
қойылды.