15 қазанда Экономикалық зерттеулер институтының (ЭЗИ) қызметкерлері М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының мерейтойына арналған «Іргелі ғылым және білім: ММУ Қазақстан филиалына — 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шара
аясында ЭЗИ басшылығы мен ұжымының
атынан ММУ Қазақстан
филиалының директоры, экономика
ғылымдарының докторы, профессор А.В.
Сидоровичке ғылыми және білім беру
қызметінде алдағы уақытта да табысқа
жете беруіне тілек білдірілген құттықтау
хаты табысталды.
Экономикалық
зерттеулер институты көптеген жылдар
бойы ММУ-мен және оның Қазақстан
филиалымен тығыз ынтымақтастық орнатып
келеді. Қазір ЭЗИ-де ММУ-дің сегіз түлегі
жұмыс істейді, олардың төртеуі
Макроэкономикалық зерттеулер және
болжау орталығының қызметкерлері.
Конференцияға
қатысушылар бас ғылыми
қызметкерлер, экономика ғылымдарының
докторлары, профессорлар С.Н. Алпысбаеваның,
Ш.Ш. Жақыпованың,
С.Б. Ахметжанованың,
сондай-ақ жетекші ғылыми қызметкер,
экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент А.А. Нұрсейітовтің
баяндамаларына ерекше
назар аударды.
Сарапшылар
Қазақстанның экономикалық дамуының
өзекті мәселелеріне, ұлттық экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға,
салық реформасына, сондай-ақ ғылым,
білім және экономиканың нақты секторы
арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға
арналған баяндамаларын ұсынды.
Ұсынылған
зерттеулер талдау ауқымдылығымен,
мазмұндылығымен және практикалық
маңыздылығымен ерекшеленіп, конференцияға
қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Экономикалық зерттеулер институты ММУ
Қазақстан филиалын 25 жылдық
мерейтойымен құттықтайды және ұжымға
білім мен ғылым саласында жаңа
жетістіктерге қол жеткізу,
ғылыми бастамаларды табысты іске асыру
және жемісті ынтымақтастықты одан әрі
нығайту жолында табыс тілейді!
