Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуын мониторингтеу мен бағалаудың ұлттық жүйесі қалыптасып келеді

16.10.2026

2026 жылғы 15 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 11-ші отырысы өтті.


Отырыстың басында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднаарагча мен БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа құттықтау сөз сөйледі.

Саранго Раднаарагча Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жетістіктерін атап өтіп, БҰҰ-ның алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Орталық Азиядағы ТДМ орталығы мен Алматы қаласындағы ЭСКАТО орталығының әлеуетін пайдалана отырып, өңірлік ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Катаржина Вавьерниа гендерлік теңдік мәселелерін бюджет процесімен ұштастырудың, сапалы инвестициялар тартудың және ел өңірлерінің әлеуетін барынша пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Акебаев Институттың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. 

Отырыс барысында қатысушылар Тұрақты даму мақсаттарының «Адамдар» және «Өркендеу» атты екі ведомствоаралық бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды, ТДМ-ны өңірлік деңгейде іске асыру мәселелерін, сондай-ақ ұлттық мониторингтеу және бағалау жүйесін қалыптастыру нәтижелерін талқылады.

2026 жылы алғаш рет Тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты мониторингпен қамтылды. Сонымен қатар бес басым бағыт бойынша тереңдетілген бағалау жүргізілді. Олар – сапалы білім беру, таза су және санитария, қолжетімді әрі таза энергия, индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ теңсіздікті қысқарту.

Әзірленген әдістеме ұлттық индикаторлардың өзгерісін бақылаумен ғана шектелмейді. Ол ТДМ көрсеткіштерінің мемлекеттік жоспарлау құжаттарына қаншалықты енгізілгенін бағалауға, елдегі нәтижелерді халықаралық бағалаулармен салыстыруға, мақсаттарға қол жеткізудегі артта қалудың жүйелі себептерін анықтауға және 2030 жылға дейінгі межелерге жетудің қажетті жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Мониторинг қорытындысы бойынша ТДМ-ның ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, Тұрақты даму мақсаттарын стратегиялық және бюджеттік жоспарлауға кеңінен енгізу, ведомствоаралық үйлестіруді жетілдіру және ТДМ-ны өңірлік деңгейде іске асыру жұмыстарын күшейту ұсынылды.

Бұл шаралар деректердің салыстырмалылығы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттары бойынша мониторинг нәтижелерін басқарушылық шешімдер қабылдаудың тиімді құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.


Қарау саны: 60
Сақталған: 16.10.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!