Дүниежүзілік банк пен Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанның көміртегі бейтараптығын және COP31-ге дайындықты талқылады

02.11.2026

2026 жылғы 30 қазанда Дүниежүзілік банк пен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы - климаттық саясат саласындағы стратегиялық ынтымақтастық, Қазақстанның көміртегі нарығын дамыту және алдағы COP31 климаттық конференциясына дайындық.

Институт тарапынан кездесуді Басқарма төрағасының орынбасары Ердилда Таутенов басқарды, кездесуге сондай-ақ Климаттың өзгеруі орталығының өкілдері қатысты.

Дүниежүзілік банк атынан экология саласындағы қаржы жөніндегі аға маман Wei-Jen Leow мырза қатысты.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясының жол картасын іске асыру мәселелерін егжей-тегжейлі қарады.

Сарапшылар климатқа антропогендік әсерді азайтудың негізгі құралдары ретінде ұлттық Шығарындылар саудасы жүйесін (ШСЖ) дамыту тетіктеріне және көміртегі нарығын реттеу саясатына ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысушылар энергетикалық көшуге байланысты бюджеттік тәуекелдерді басқару мәселелерін қозғап, COP31-ге дайындық аясындағы бірлескен жұмыстың бағыттарын белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның орнықты және «жасыл» экономикалық дамуы жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.



Қарау саны: 34
Сақталған: 03.11.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!