2026 жылғы 30 қазанда Экономикалық зерттеулер институтында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті.
«Экономикалық зерттеулер институты»
АҚ Басқарма төрағасы Біржан
Баткеев Институт қызметінің негізгі
бағыттарын, сондай-ақ Институттың
мемлекеттік экономикалық саясатты
ғылыми-талдамалық сүйемелдеудегі және
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар
дайындаудағы рөлін таныстырды.
Басқарма төрағасы ғылыми-сараптамалық
қоғамдастық пен депутаттық корпустың
заңнаманы жетілдіру және Қазақстанның
орнықты экономикалық дамуына бағытталған
шешімдер әзірлеу мәселелерінде өзара
іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Институт жұмысының
өңірлік даму, макроэкономикалық болжау
және заң жобаларының ғылыми экономикалық
сараптамасы сияқты үш
негізгі бағыты таныстырылды.
Өңірлік даму бағыты бойынша Өңірлік
зерттеулер және өмір сапасы орталығының
өкілдері Нұрболат Құрметұлы мен Динара
Мукушева Өңірлік стандарттар жүйесін
(ӨСЖ) іске асыру және цифрландыру туралы
ақпарат берді. Өңірлік
стандарттар жүйесін енгізу, оны елді
мекендердің инфрақұрылым объектілерімен
және қызметтермен қамтамасыз етілуін
бағалау үшін практикада қолдану және
өңірлік дамуды мониторингтеудің цифрлық
құралдары мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
Макроэкономикалық болжау
бағыты бойынша Макроэкономикалық
зерттеулер және болжау орталығының
директоры Назигуль Жанакова
макроэкономикалық модельдеу мен болжау
құралдарының кешенін, оның ішінде
жиынтық озыңқы индикаторды (ЖОИ), дамуды
болжаудың тоқсандық макроэкономикалық
моделін, Салааралық теңгерім моделін
(САТ) және экологиялық аспектілермен
кеңейтілген «Шығындар – шығарылым»
макроэкономикалық моделін (E3.kz) таныстырды.
Сараптама орталығының
директоры Карина Тен кездесуге
қатысушыларды заң жобаларының ғылыми
экономикалық сараптамасының негізгі
бағыттарымен, оның ішінде заң жобаларының
ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарын
бағалау тәсілдерімен таныстырды
Құрылтай депутаттары Институт қызметінің
таныстырылған бағыттарына қызығушылық
танытып, олардың маңыздылығын атап
өтті. Одан әрі өткен талқылауда кездесуге
қатысушылар осы бағыттар бойынша пікір
алмасты, ал депутаттар өз тәжірибесімен
және сараптамалық бағаларымен бөлісті.
Біржан Баткеев мемлекеттік
шешімдер дайындау кезінде ғылыми
зерттеулер мен талдамалық әзірлемелердің
нәтижелерін практикада пайдаланудың
маңыздылығын, сондай-ақ
депутаттық корпуспен сараптамалық
өзара іс-қимылды одан әрі дамыту
маңыздылығын атап өтті.

