2026 жылғы қазан айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

03.11.2026

Қазан айында жылдық мәндегі тұтынушылық инфляция - 9,2%. Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер жыл ішінде 10,4% және тиісінше 10,3% өсті.

2026 жылдың қазан айында елдегі инфляция:

- 2025 жылғы қазанға қатысты 9,2% (өткен айда 9,3%);

- 2026 жылғы наурызға қатысты 0,5% (өткен айда 0,6%).

Жылдық мәнде:

- азық-түлік бағасы 7,6% -ке (0,2% а/а) өсті;

- азық-түлік емес тауарлар бағасы 10,4% -ке (0,8% а/а) өсті;

- ақылы қызметтердің бағасы 10,3% -ке (0,5% а/а) қымбаттады.


2026 жылдың қазан айында инфляцияның жалпы өсіміне ақылы қызметтер 34% мөлшерінде үлес қосты (яғни, жалпы инфляцияның 9,2%-нен 3,13 п.т. ақылы қызметтерге тиесілі). 2025 жылғы қазанмен салыстырғанда инфляцияның жалпы серпінінде ақылы қызметтердің үлесі 30,8%-тен 34%-ке дейін 3,2 п.т-ға артты. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда ол 30,3%-тен 34%-ке дейін 3,7 п.т.-ға өсті.

2025 жылдың шілдесінен бастап ең үлкен үлес қосқан азық-түлік үлесі ағымдағы айда 33,4%-ке жетті. 2025 жылғы қазанмен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы серпініндегі үлесі 42,9%-тен 33,4%-ке дейін 9,5 п.т-ға төмендеді. Өткен аймен салыстырғанда ол 3,1 п.т. азайып, 36,5%-дан 33,4%-ға дейін төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2025 жылғы қазан айындағы 25,9%-тен 2026 жылғы қазан айында 32,6%-ке дейін өсті. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда 32,9%-тен 32,6%-ке дейін 0,3 п.т-ға төмендеу байқалды.

ж / ж – өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда ағымдағы айда бағаның өзгеруі – жылдық инфляция.

Азық-түлік арасында бір жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:

  • Шұжық, ет өнімдері – 11,2%;

  • Алкогольсіз сусындар – 10,1%;

  • Жұмыртқа – 9,9%;

  • Ашытылған сүт өнімдері – 9,4%;

  • Нан және нан-тоқаш өнімдері-9,0%;

  • Ет және құс еті-8,6%;

  • Ірімшік және сүзбе-8,3%;

  • Май мен тоң май-7,9%;

  • Сүт-7,8%;

  • Жарма-3,0%.

  • Көкөніс – 2,1%.

Жемістер, жидектер мен жаңғақтарға жылдық бағаның 2,2%-ке және қантқа жылдық бағаның 2,9%-ке төмендеуі тіркелді.


Келесі тауарлардың бағасы төмендеді:

- қияр-34,4% (ж/ж);

- банан – 12,4% (ж/ж);

- лимон – 11,1% (ж/ж);

- сарымсақ – 10,2% (ж/ж);

- жүзім – 1,9% (ж/ж);

- киви – 0,9% (ж/ж);

- тәтті бұрыш – 0,9% (ж/ж).


Азық-түлік емес тауарлар арасында ең қатты қымбаттаған тауарлар: жеке тұтыну тауарлары – 11,3%, аяқ киім – 11,1%, киім – 11%, жуғыш заттар – 10,1%, бензин – 8,6%.


Ақылы қызметтердің арасында келесі қызметтердің бағасы қымбаттады:

- тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 34,8%;

- тұрғын үйді жалға алу – 17,4%;

- тұрғын үй-жайларды пайдалану және жөндеу – 12,3%;

- сұйытылған газ – 9,9%;

- домофон – 9,3%;

– электр энергиясы-7,9%;

– тұрғын үйді күтіп-ұстау және қызмет көрсету-7,2%;

- қатты отын – 6,1%;

- лифт үшін төлем – 5,8%;

- қоқыс шығару – 3,3%;

- ыстық су – 2,7%.

Суық судың бағасы 1,7%-ке және су бұру қызметтерінің бағасы 0,8%-ке төмендеді.



Қарау саны: 24
Сақталған: 03.11.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!