2026 жылғы 3–6 қарашада Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) штаб-пәтерінде бизнесті жауапты жүргізу (БЖЖ) саласындағы жаһандық күн тәртібіне арналған бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Іс-шараларға «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Алибек Райпов және Орталық директорының орынбасары – Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) Хатшылығының басшысы Алишер Базарбаев.
3–4 қарашада өткен ЭЫДҰ-ның БЖЖ жөніндегі Жұмыс тобының отырысында Ұйымның 2027–2030 жылдарға арналған тиісті ықтияттылық саласындағы жұмысының стратегиялық басымдықтары айқындалды. Қатысушылар корпоративтік секторды оқытудың инновациялық құралдарын және БЖЖ стандарттарының сақталуын бағалау тәсілдерін жетілдіру мәселелерін талқылады. Адам құқықтары мен қоршаған орта саласындағы тиісті ықтияттылық тетіктерінің рөліне ерекше назар аударылды: бұл тетіктер компанияларға өз қызметінің теріс салдарларын анықтауға, болдырмауға және барынша азайтуға мүмкіндік беретін негізгі құрал болып табылады, ал бұл заманауи халықаралық нарықтарға қол жеткізудің аса маңызды шарты саналады.
4–6 қарашада өткен ҰБО желісінің кеңесі аясында қатысушылар орталықтардың жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін, өтініштерді өңдеуге арналған құралдардың жобаларын және оларды бастапқы бағалау жөніндегі нұсқаулықты қарады. Компаниялардың, оның ішінде қаржы секторындағы компаниялардың іскерлік қатынастарына байланысты өтініштердің ерекшелігіне жеке назар аударылды. Бағдарламаның маңызды бөлігі тараптар арасындағы сындарлы диалогқа және өзара қолайлы келісімдерге қол жеткізуге жәрдемдесу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған медиация жөніндегі практикалық тренинг болды.
Кездесулер барысында Институт өкілдері Қазақстан ҰБО-ның қызметі туралы баяндап, ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын ілгерілету тәжірибесімен бөлісті. БЖЖ және тиісті ықтияттылық бойынша семинарлар мен қолданбалы тренингтер өткізуді қоса алғанда, ақпараттық-түсіндіру жұмысының негізгі бағыттары таныстырылды.
ЭЫДҰ іс-шараларына қатысу қорытындысы бойынша «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ делегациясы құнды тәжірибе мен әдістемелік әзірлемелер алып, оларды Қазақстан ҰБО жұмысының ұлттық практикасына енгізетін болады.
