Экономикалық зерттеулердің өзекті тақырыптары мен әдістері: ЭЗИ тәжірибесі

19.10.2026

19 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Экономика», «Мемлекеттік саясат» және «Адами ресурстар (HR)» білім беру бағдарламаларының магистранттарына арналған «Ғылыми зерттеулердің әдістері мен дизайны» курсы аясында «Экономикалық зерттеулердің өзекті тақырыптары мен әдістері: Институт тәжірибесі» атты көшпелі дәріс өтті.

Дәрістің спикерлері:
  • Сараптама орталығының жетекші ғылыми қызметкері, э.ғ.к., доцент А.А. Нұрсейітов
  • бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор Ш.Ш. Жақыпова

Іс-шара барысында спикерлер магистранттарды Институттың зерттеу қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, зерттеу жүргізу кезінде қолданылатын заманауи тәсілдер мен әдістер туралы айтып берді, сондай-ақ өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: көшпелі дәріс қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, сарапшылардан толық жауап алды.

Іс-шараға 60 магистрант пен оқытушы қатысты. Дәріс магистранттарға ИЗИ-дың ғылыми-зерттеу қызметі туралы білімін тереңдетуге және магистрлік зерттеу жүргізу үшін практикалық бағыт алуға мүмкіндік берді.



Қарау саны: 13
Сақталған: 19.10.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!