Павлодар облысы 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылды. Әкімшілік орталығы – Павлодар қаласы. Облыстың аумағы шамамен 124,6 мың шаршы км. Өңір шығысында Абай облысымен, оңтүстігінде Қарағанды облысымен, батысында Ақмола облысымен, солтүстік-батысында Солтүстік Қазақстан облысымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Омбы, Новосібір облыстарымен және Алтай өлкесімен шектеседі.
Облыс
құрамына 10 аудан, Павлодар, Екібастұз
және Ақсу облыстық маңызы бар 3 қала, 3
кент және 345 ауылдық елді мекен кіреді.
Павлодар
облысының негізгі бәсекелес артықшылықтары
– пайдалы қазбалардың үлкен қоры,
дамыған энергетикалық және өнеркәсіптік
инфрақұрылым, сондай-ақ тиімді шекаралық
орналасу.
Өңір
Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат
кешенінде жетекші орындардың бірін
алады. Облыс аумағында еліміздің көмір
баланстық қорының 35,7%-ы (республика
бойынша 1-орын), никельдің 16%-ы (2-орын),
алтынның 5,2%-ы (4-орын), мыстың 3,7%-ы (5-орын),
сондай-ақ молибденнің 2,3%-ы, мырыштың
0,9%-ы, қорғасынның 0,3%-ы, бариттің 1,7%-ы
және флюстік әктастардың 30%-ы шоғырланған.
Облыс
сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының
үлкен ресурстарына ие. Негізгі су
магистралі – Ертіс өзенінің ұзындығы
720 км болатын кеме жүзетін учаскесі.
Сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындары
мен елді мекендерді сумен жабдықтауда
ұзындығы шамамен 300 км болатын Қ. Сәтбаев
атындағы канал («Ертіс – Қарағанды»)
маңызды рөл атқарады.
2026
жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс
халқының саны 741,6 мың адам. Урбандалу
деңгейі 71,7%-ға жетті.
Демографиялық
жағдай халықтың табиғи өсімінің төмен
қарқынымен және халықтың көші-қондық
кетуімен сипатталады. 2026 жылғы
қаңтар–тамызда табиғи өсім коэффициенті
1 000 адамға шаққанда 0,58-ді құрады
(республикалық орташа мән – 8,28), көші-қон
сальдосы -3,4 мың адам болды.
2026
жылғы II тоқсанда орташа айлық номиналды
жалақы 450,6 мың теңге, бұл республикалық
орташа деңгейден (486,4 мың теңге) төмен.
Бұл ретте халықтың номиналды ақшалай
табысы 287,9 мың теңгеге жетіп, ел бойынша
орташа мәннен (263,7 мың теңге) асты.
Жұмыссыздық деңгейі -4,8%.
Павлодар
облысының экономикасы индустриялық-аграрлық
мамандануға ие. 2026 жылғы I жартыжылдықтың
қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім
2 903,2 млрд теңгені немесе ел ЖІӨ-нің
4,1%-ы. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің үлесі
39,2%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің
үлесі 21,0%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібінің
үлесі 8,3%-ға жетті.
2026
жылғы қаңтар–қыркүйекте өнеркәсіптік
өндіріс көлемі 3 287,6 млрд теңгеге жетті.
Өнеркәсіп кешенінің негізін металлургия,
мұнай өңдеу, көмір өндіру, энергетика
және машина жасау құрайды. Өңірдің ірі
кәсіпорындарының қатарына Павлодар
мұнай-химия зауыты, Ақсу ферроқорытпа
зауыты, Қазақстан электролиз зауыты,
«Қазақстан алюминийі» АҚ, «KSP Steel» ЖШС
және «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС жатады.
Өңір
экономикасында отын-энергетика кешені
ерекше орын алады. Ірі көмір кен орындары
мен генерациялаушы қуаттардың, оның
ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС, Екібастұз
МАЭС-1 және МАЭС-2 болуы энергияны көп
қажет ететін өндірістерді және одан
әрі өнеркәсіптік қайта өңдеуді дамыту
үшін энергетикалық базаны қамтамасыз
етеді.
Өнеркәсіппен
қатар облыстың едәуір аграрлық әлеуеті
бар. Ауыл шаруашылығы алқаптарының
ауданы 11,2 млн га, оның ішінде егістік
1,9 млн га. Жер және су ресурстарының
болуы өсімдік шаруашылығын дамытуға,
суармалы егіншілікті кеңейтуге және
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге
алғышарттар қалыптастырады.
Өңірдегі
инвестициялық белсенділік негізінен
өнеркәсіп пен энергетикада шоғырланған.
2026 жылғы қаңтар–қыркүйекте негізгі
капиталға салынған инвестициялар 961,3
млрд теңгеге,
құрылыс жұмыстарының көлемі 430,5 млрд
теңгеге
жетті.
Маңызды
инвестициялық жобалар қатарына құны
343,4 млрд теңгеге
жоғары
көміртекті сульфидті құрамында алтыны
бар концентраттарды қайта өңдеу
(2023–2028 жылдар), құны 334,6 млрд теңге
болатын металлургиялық зауыт салу
(2023–2028 жылдар), сондай-ақ құны 286,8 млрд
теңге болатын тікелей тотықсыздандырылған
темір (DRI) өндірісін құру (2023–2028 жылдар)
жатады.
Экономикалық
дамудың қосымша мүмкіндіктері облыстың
көліктік-географиялық орналасуымен
байланысты. Шекаралық орналасу мен
темір жол, автомобиль және өзен
инфрақұрылымының болуы өңіраралық және
сыртқы экономикалық байланыстарды
кеңейтуге жағдай жасайды. Көлік-логистика
инфрақұрылымын одан әрі дамыту өткізу
нарықтарының қолжетімділігін арттыру
және өндірістік кооперацияны нығайту
үшін маңызды.
Сонымен
бірге өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық
дамуын бірқатар құрылымдық және
инфрақұрылымдық шектеулер тежейді.
Негізгі проблемаларға экспорт құрылымында
шикізат өнімдері мен қайта өңделу
деңгейі төмен өнімдердің басым болуы,
жоғары экологиялық жүктеме, коммуналдық
инфрақұрылым мен денсаулық сақтау
объектілерінің тозуы, сондай-ақ оқушы
орындарының тапшылығы жатады. Халықтың
тұрақты көші-қондық кетуі қосымша
демографиялық сын-қатер болып қала
береді.
Павлодар
облысын дамыту перспективалары
өнеркәсіптік өндірісті әртараптандырумен,
қосылған құны жоғары өнім шығаруды
кеңейтумен, энергетикалық және коммуналдық
инфрақұрылымды жаңғыртумен, сондай-ақ
экологиялық жағдайды жақсартумен
байланысты. Осы бағыттарды іске асыру
әлеуметтік инфрақұрылым сапасын
арттырумен ұштаса отырып, өңірдің
экономикалық әлеуетін нығайтуға, оның
инвестициялық тартымдылығын арттыруға
және халық санын тұрақтандыру үшін
жағдай қалыптастыруға ықпал етеді.