Институт БҰҰ-ның климаттық саммитінде (COP31) Қазақстанды 2060 жылға дейін көміртексіздендірудің инвестициялық және салалық бағдарларын таныстырды

13.11.2026

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптар конференциясының 31-сессиясы (COP31) 2026 жылғы 9–20 қарашада Түркияда өтіп жатыр. Саммит жұмысына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатысуда, сондай-ақ аумағы 250 шаршы метр елдің Ұлттық павильоны ұйымдастырылды.

Келіссөздердің басты назарында – климаттық капиталды жұмылдыру, жаһандық температураның өсуін тежеу және энергетика секторын кезең-кезеңімен трансформациялау.

2026 жылғы 10 қарашада форумның іскерлік бағдарламасы аясында Институт Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов көпжақты даму банктерінің біріккен алаңында ұйымдастырылған негізгі бірлескен іс-шарасында спикер ретінде сөз сөйледі.

КДБ-ның біріккен алаңындағы пікірталасқа үкіметтердің, даму институттарының, халықаралық донорлардың, ірі бизнестің және азаматтық қоғамның өкілдері жиналды. Қатысушылар елдер мен КДБ арасындағы үйлестіру ынтымақтастықтың ұлттық платформалары, салалық стратегиялар және ұлттық деңгейде айқындалатын үлестер (ҰДАҮ) арқылы тәуекелдерді қалай төмендететінін және дамушы экономикаларға жасыл инвестициялар ағынын қалай жеделдететінін көрсететін практикалық кейстерді қарады.

Талқылаудың басты тақырыбы - нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдер мен дамушы мемлекеттерде климаттық қаржыландырудың тиімділігін арттыру. Қатысушылар ынтымақтастықтың ұлттық платформалары мысалында КДБ-ның ұзақ мерзімді стратегиялар мен ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерді (ҰДАҮ) әзірлеуден бастап әділ көшу қағидаттарын енгізуге дейінгі үйлестірілген қолдауы елдерге ауқымды климаттық реформаларды іске асыруға қалай көмектесетінін қарастырды.

Сессия барысында Ерділда Таутенов «Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына арналған жол картасының» архитектурасын таныстырып, экономика мен бизнес үшін көшудің негізгі параметрлерін атап өтті.

Спикер аудиторияның назарын мынадай негізгі бағыттарға аударды:

Көшудің экономикалық орындылығы: Қазақстан өзі қабылдаған халықаралық климаттық міндеттемелерді ұстанады, өйткені әрекетсіздіктен туындайтын ұзақ мерзімді макроэкономикалық шығындар энергетиканы құрылымдық қайта құруға жұмсалатын шығындардан едәуір асып түседі.

Салааралық теңгерім және нарық мүдделерін ескеру: құжатты барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, экономиканың негізгі секторлары бойынша бейінді жұмыс кіші топтары қалыптастырды, бұл мемлекет пен бизнес үшін реформалардың теңгерімділігін қамтамасыз етеді.

Болжамдылық және KPI: Жол картасында шығарындыларды азайту жөніндегі нақты аралық индикаторлар, көлік және отын түрлері бөлінісіндегі энергия тұтыну модельдері, сондай-ақ инвесторлар үшін түсінікті бағдарлар қалыптастыратын декарбонизация шараларының жүйеленген тізбесі көзделген.

Сессияға қатысу қорытындысы бойынша халықаралық қаржы институттары мен донорлардың Қазақстанның көміртексіздендіру мәселелеріндегі жүйелі тәсіліне жоғары қызығушылығы расталды. Ұсынылған Жол картасы жеңілдікті климаттық қаржыландыруды одан әрі тартуға, көпжақты даму банктерімен бірлескен жобаларды іске қосуға және ел экономикасының негізгі салаларында жасыл инвестициялардың ауқымын кеңейтуге ашық негіз қалыптастырады.



Қарау саны: 101
Сақталған: 23.11.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!