Валюта ауытқулары дәрі-дәрмек бағасына қалай әсер етеді: Институтта ғылыми семинар өтті

13.11.2026

Экономикалық зерттеулер институтында «Бағаны реттеу жағдайында тік нарықтарда айырбастау бағамының ауысуы» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарда Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің экономика бойынша ассистент-профессоры, Боккони университетінің (Италия) экономика бойынша PhD дәрежесінің иегері Андрей Ткаченко баяндама жасады.

Кездесу барысында сарапшы Назарбаев Университетінің/NAC Analytica Экономикалық модельдеуді дамыту орталығының директоры Ақбөбек Ахмедияровамен бірлесіп жүргізілген, валюта ауытқуларының Қазақстандағы дәрілік заттар бағасына әсеріне арналған зерттеудің нәтижелерін таныстырды.

Талдау елдің түрлі өңірлеріндегі дәрілік заттардың белгілі бір тізбесін 2017–2025 жылдар бойынша қамтыды. Бағаны мемлекеттік реттеуге, өндірушілер арасындағы бәсекелестікке және дәрі-дәрмектің көтерме мен бөлшек сауда құнының қалыптасу ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.

Зерттеу бағаны мемлекеттік реттеу валюта ауытқуларының дәрі-дәрмек құнына әсерін айтарлықтай төмендететінін көрсетті. Атап айтқанда, валюта бағамы өзгерістерінің реттелетін дәрі-дәрмек бағасына өту дәрежесі бағасы реттелмейтін дәрілер бойынша осындай көрсеткіштің шамамен бестен бірін құрайды. Бұл ретте реттелмейтін нарықта валюта ауытқулары бөлшек сауда бағаларына қарағанда көтерме бағаларда күштірек көрініс табады, ал бәсекелестіктің күшеюі бағам өзгерістерінің бағаларға жоғарырақ дәрежеде өтуімен қатар жүреді.

Сонымен қатар авторлар бағалардың валюта ауытқуларына сезімталдығының төмендеуі тұтынушылардың толық қорғалғанын әрдайым білдірмейтінін атап өтеді. Бағам өзгерісінің салдары дәрілердің қолжетімділігі, нарық қатысушыларының пайдалылығы және мемлекеттік сатып алу арқылы көрінуі мүмкін.

Семинар белсенді кәсіби диалог пен мүдделі талқылау аясында өтті. Қатысушылар ғылыми зерттеулерді дамыту және Институттың талдамалық жұмысын жетілдіру үшін практикалық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.



Қарау саны: 29
Сақталған: 14.11.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!