2026 жылғы 21-22 қазанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Азия даму банкімен (АДБ) бірлесіп, Қазақстан бойынша елдік диагностикалық зерттеудің (Country Diagnostic Study, CDS) алдын ала нәтижелеріне арналған консультациялық семинар өткізді.
Мемлекеттік
органдар мен сарапшылар қауымдастығының
өкілдері экономикалық өсудің шектеулерін,
мемлекеттік қаржының тұрақтылығын және
мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігін
талқылады. Семинардың мақсаты зерттеудің
алдын ала нәтижелері мен қарастырылып
отырған реформалардың басым бағыттары
бойынша ұсыныстар мен ескертулер жинау
болды.
Құттықтау
сөздерін Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі төрағасының
орынбасары Әділ Құсманов, «Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ Басқарма
төрағасы Біржан Баткеев және АДБ-нің
Оңтүстік Азия департаментінің өңірлік
жетекші экономисі Киёси Танигучи
сөйледі.
Бірінші
күні қатысушылар экономикалық өсудің
факторлары мен Қазақстанның фискалдық
саясаты мәселелерін қарастырды. АДБ-нің
экономикалық талдаушысы Санжар Қалдаров
пен аға экономисі Парвина Рахимова
елдің макроэкономикалық және бюджеттік
жағдайына, сондай-ақ экономикалық өсудің
негізгі шектеулеріне шолу жасады.
Талқылау барысында инвестицияларды
экономика салалары арасында тиімді
бөлудің маңыздылығына ерекше назар
аударылды. АДБ-нің фискалдық саясат
жөніндегі консультанты Сельчук Джанер
Қазақстанның фискалдық көрсеткіштеріне
және осы саладағы өзекті сын-қатерлерге
талдау ұсынды.
Екінші
күні фискалдық тәуекелдер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың қызметі талқыланды.
АДБ-нің консультанты Аднан Гилани
мемлекеттік бюджеттен тыс туындайтын
тәуекелдерді, оның ішінде шартты
міндеттемелерді
қарастырды.
Мемлекеттік
кәсіпорындарды реформалау және басқару,
сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жөніндегі АДБ консультанты
Кристофер Расселл Қазақстандағы
мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне
талдау ұсынды. Талқылау корпоративтік
басқару, кәсіпорындардың коммерциялық
мақсаттары, қоғамдық қызметтер көрсету
жөніндегі міндеттемелер және қызметтің
ашықтығы мәселелерін қамтыды.
Қатысушылар
ұсынылған бағалауларды талқылап, зерттеу
бойынша одан әрі жұмыс жүргізуге қатысты
ұсыныстарын білдірді.



