Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Маңызды бастамалардың бірі – Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп келесі жылдан бастап бизнесті тексеруге жаңа үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын қарау туралы ұсыныс.
Кейінгі
онжылдықта
Қазақстан экономикасындағы шағын және
орта кәсіпкерліктің (бұдан
әрі – ШОК)
рөлі айтарлықтай артты. 2025
жылдың қорытындысы бойынша ШОК-тың
ЖІӨ-дегі үлесі 2015 жылмен салыстырғанда
16%-ке
артып, 40,9%-ке
жетті.
2026 жылғы I тоқсанда ШОК өнімін шығару
көлемі 19,5 трлн теңге, бұл өткен жылғы
осы кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға көп.
Осы
жылы
кәсіпкерлік сектор жаңа салық жағдайларына
бейімделіп
жатыр.
2026 жылғы I тоқсанда секторда шамамен
3,92 млн адам жұмыспен қамтылды, бұл елдегі
жұмыспен қамтылған халықтың жалпы
санының 41,7%-ы.
Мұндай
жағдайда кәсіпкерлерге әкімшілік
жүктемені азайтудың маңызы ерекше арта
түседі. Мемлекет басшысы атап өткендей,
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке
кәсіпкерлер тарапынан жол берілген
бұзушылықтар саны 34%-ке
қысқарды, ал айыппұлдар сомасы 11%-ке
жуық өсіп, жоспардан тыс тексерулер
саны ондаған есе көбейді.
Микро
және шағын бизнесті тексеруге 2020–2023
жылдары енгізілген мораторийдің бұрынғы
тәжірибесі бақылау жүктемесінің
айтарлықтай төмендеуімен және кәсіпкерлік
сектордың кеңеюімен қатар жүрді.
Мораторий
қолданылған алғашқы жылы микро және
шағын бизнесті тексеру саны 66,2 мыңнан
9,3 мыңға дейін жеті есе
қысқарды. 2019–2023 жылдары жұмыс істеп тұрған ШОК
субъектілерінің саны 1,33 млн-нан 2 млн
бірлікке дейін, яғни 50,5%-ке
өсті, ал ШОК-тың ЖІӨ-дегі үлесі 31,7%-тен
36,9%-ке
дейін ұлғайды. Кәсіпкерлік динамикасына
өзге де қолдау шаралары мен экономикалық
конъюнктураның өзгеруі де әсер етті.
Шамадан тыс тексерулерді қысқарту
ресурстары шектеулі микро және шағын
кәсіпорындар үшін ерекше маңызды.
Мораторий енгізілген жағдайда ол ең
алдымен бизнеске әкімшілік жүктемені
азайтады, сондай-ақ мемлекеттік органдарға
бақылау-қадағалау қызметінің цифрлық
құралдарын жетілдіруге мүмкіндік
береді.
Микро
және шағын бизнеске жүктемені азайтумен
қатар Президент орта кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі жеке міндетті айқындады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша шағын
бизнестің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 33,7%-ке,
орта бизнес
үлесі
7,2%-ке
жетті.
Жолдауда орта кәсіпорындарды ұзақ
мерзімді қаржыландыруды және технологиялық
жаңғыртуды, сондай-ақ олардың өнімін
ірі компанияларға жеткізу үшін жағдай
жасауды көздейтін орта бизнесті дамытудың
арнайы жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік
сатып алулардың бір бөлігін ШОК үшін
резервтеу және өнім берушілерге қойылатын
талаптарды жеңілдету отандық өндірушілер
үшін қосымша мүмкіндіктер туғызуы
мүмкін.
Мемлекеттік
қолдаудың тағы бір бағыты – отандық
өнімді өткізу мүмкіндіктерін кеңейту.
Ол үшін кәсіпкерлікті қолдаудың
қолданыстағы шараларын маркетплейстердің,
банктердің және логистикалық компаниялардың
мүмкіндіктерімен біріктіру көзделіп
отыр.
Президент
ШОК саласындағы жұмыстың бағытын
айқындады: шағын және микробизнеске
барынша көмек көрсету және сонымен
қатар орта бизнесті
дамыту мен нығайту үшін жағдай жасау.