Өңірлердің дамуы: инфрақұрылымдық жобалардан халықтың өмір сүру сапасын арттыруға дейін

03.11.2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ауқымды міндеттерді айқындады.

Мемлекет басшысының күшті қалалар күшті өңірлердің, ал күшті өңірлер күшті мемлекеттің негізі екені туралы тезисі ерекше назар аударуға тұрарлық. Президент ірі қалаларды дамытудың орта және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды басқарудың цифрлық құралдарын енгізу міндетін қойды.

Бұл – өңірлік саясатты одан әрі жетілдіру үшін маңызды бағдар. Ірі қалалар экономикалық өсу орталықтары болып, инвестиция тартып, жұмыс орындарын құрып, іргелес аумақтардың дамуына ықпал етуге тиіс. Бұл ретте әр өңірдің ерекшеліктерін, оның экономикалық мамандануын және даму перспективаларын ескеру қажет.

Жолдаудың негізгі бастамаларының бірі – елдің барлық өңірінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуды көздейтін «Халықтық құрылыс» бағдарламасы. 2029 жылдың соңына дейін осы мақсаттарға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр.

Менің ойымша, Президенттің мемлекеттік салымдардан экономикалық және әлеуметтік қайтарым болу қажеттігін ерекше атап өтуінің түбегейлі маңызы бар. Жаңа объектілер салу аумақтардың инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін жақсартып қана қоймай, кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтуды дамыту және халық табысын арттыру үшін жағдай жасауға тиіс.

Ауылдық аумақтарды дамытуға назар аударылуы да кем маңызды емес. Президент ауылдағы өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын, өнімді қайта өңдеуді, агрологистиканы дамыту және өнімді өткізу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі міндеттерді айқындады.

Ауыл өндірушілерінің өнімін өткізуді қолдауға бағытталған цифрлық дамудың өңірлік пилоттық жобаларын іске қосу жөніндегі бастаманы бөлек атап өткен жөн. Бұл ауылдық аумақтар үшін өткізу нарықтарын кеңейтуге, шаруашылықтардың табыстылығын арттыруға және қосымша табыс көздерін құруға мүмкіндік береді.

Белгіленген бастамаларды іске асыру аумақтарды дамытуға кешенді тәсілді талап етеді деп санаймын. Ірі қалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер арасындағы айырмашылықтарды ескеріп, олардың нақты қажеттіліктері мен экономикалық мүмкіндіктерін айқындау қажет.

Ең бастысы – ауқымды мемлекеттік инвестициялар инфрақұрылымды жаңартуды ғана емес, жергілікті экономиканың орнықты дамуын да қамтамасыз етуге тиіс.

Өңірлік саясаттың нәтижелілігі адамдардың өміріндегі нақты өзгерістер бойынша бағалануға тиіс: тұратын жеріне қарамастан сапалы қызметтердің қолжетімділігі, жұмыс орындарының құрылуы, табыстың өсуі және өзін-өзі іске асыру мүмкіндіктерінің кеңеюі.


Нұрболат Құрметұлы, Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры



Қарау саны: 67
Сақталған: 23.11.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!