Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары, оның ішінде халықтың нақты табысын арттыру, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестиция тарту, цифрлық экономиканы дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту айқындалды. Белгіленген бастамаларды іске асыру экономикалық өсуді ынталандыруға, еңбек өнімділігін арттыруға және елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Бұл бастамаларды өзара байланыста қарастыру қажет, өйткені бір саладағы шешімдер екінші саладағы нәтижелерге әсер етеді.
Төмен
әрі тұрақты инфляция – ұзақ мерзімді
қаржыландыруды дамытудың шарттарының
бірі. Бағалар динамикасының болжамды
болуы бизнеске болашақ шығыстар мен
кірістерді сенімдірек бағалауға,
жобалардың өтелімділігін есептеуге
және ұзақ мерзімге инвестициялық
шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұған қоса, жоғары инфляция, әдетте,
жоғарырақ номиналды пайыздық
мөлшерлемелермен қатар жүреді, бұл ұзақ
мерзімді қарыз алу құнын арттырып,
инвестициялық белсенділікті шектейді.
Инфляцияны
тұрақтандыру бюджет шығыстарына да
байыпты тәсілді талап етеді. Әлеуметтік
көмектің атаулылығы жеткіліксіз болса,
тауарлар мен қызметтер ұсынысы тиісінше
кеңеймей, тұтынушылық сұраныс артып,
қосымша инфляциялық қысым туындауы
мүмкін. Сондықтан шығыстар көлемін ғана
емес, олардың жиынтық сұранысқа әсерін,
сондай-ақ бюджет ресурстарын бөлудің
негізділігін ескеру маңызды.
Жолдауда
2027 жылды көлік, инженерлік және әлеуметтік
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін
Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп
жариялау бастамасы айқындалды. 2029 жылдың
соңына дейін инфрақұрылымдық жобаларға
Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу
жоспарланып отыр. Инфрақұрылымды
дамытуды инвестициялық және өнеркәсіптік
саясаттың элементі ретінде қарастырған
жөн. Электр энергиясы мен судың
қолжетімділігі, жолдар мен көлік
логистикасының сапасы кәсіпорындардың
шығындарына және жаңа өндірістердің
өтелімділігіне әсер етеді. Қазақстан
үшін қашықтықтардың үлкен болуы және
халық тығыздығының төмендігі инфрақұрылымды
құру мен ұстау құнын арттырады. Сондықтан
жобаларды таңдау кезінде салымдар қай
жерде бизнес шығындарын азайтуға және
өндірісті дамыту үшін жағдай жасауға
мүмкіндік беретінін, сондай-ақ олардың
халықтың сапалы қызметтерге қолжетімділігін
қаншалықты жақсартатынын және адами
капиталды дамытуға ықпал ететінін
ескеру маңызды.
Алатау
қаласында ерекше құқықтық режим құру
инвестиция тартуға ықпал етуі мүмкін.
Алайда меншікті қорғау, соттардың
тәуелсіздігі және құқық қолданудың
болжамдылығы жекелеген инвестициялық
аймақтарда ғана емес, бүкіл ел бойынша
қажет. Активтердің қорғалатынына және
өз құқықтарын қорғай алатынына деген
сенім ұзақ мерзімді салымдардың
тәуекелдерін төмендетеді, бизнес ашуды
ынталандырады және капитал нарығын
дамыту үшін жағдай жасайды.
Макроэкономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету және
халықтың әл-ауқатын арттыру аясында
азаматтардың нақты табысының өсуіне
және ішкі сұранысты қолдауға ерекше
назар аударылады. Осыған байланысты
шамамен 1,8 млн адамды қамтитын ең төмен
жалақыны (ЕТЖ) 85 мың теңгеден 110 мың
теңгеге дейін арттыру ішкі сұранысты
ынталандырудың қосымша факторы болуы
мүмкін. «ЭЗИ» АҚ есептеулеріне сәйкес,
ЕТЖ-ның артуы тұтынушылық сұраныстың
кеңеюі есебінен нақты ЖІӨ-нің 0,22 пайыздық
тармаққа өсуін қамтамасыз ете
алады.
Жалақының артуы халықтың ақшалай табысы
мен үй шаруашылықтарының тұтынушылық
шығыстарының өсуіне ықпал етіп, іскерлік
белсенділікке оң әсер етеді.
Осылайша,
экономикалық шешімдерді бағалау кезінде
олардың қаржыландыру құнына, бизнес
шығындарына, инвестициялық ынталандыруларға
және отандық өндірістің өнім шығаруды
ұлғайту мүмкіндіктеріне қалай әсер
ететінін ескеру маңызды. Міндет
жекелеген бағдарламалардан нәтиже
алумен шектелмейді: жеке инвестициялар,
өнімділіктің өсуі және өндірістің
кеңеюі белгіленген мемлекеттік бастамалар
аяқталғаннан кейін де экономиканың
одан әрі дамуын қолдай алатын жағдай
жасау
қажет.
Рамазан Есенғазиев, Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшысы
Анель Смағұлова, Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының сарапшысы