1990 жылғы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияның қабылдануы - Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін еліміз өзінің дербес экономикалық саясатын және ұлттық экономикасын қалыптастыруға және жүргізуге кірісті.
Кейінгі онжылдық
ішінде Қазақстан экономикалық дамудың
бірнеше негізгі кезеңінен өтті. Олардың
әрқайсысы мемлекеттік саясаттың
басымдықтарындағы жаңа сын-қатерлермен,
жетістіктермен және өзгерістермен
бірге жүрді.
Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі кезеңдері
1990–1996
жылдар: өтпелі кезең және нарықтық
институттарды қалыптастыру. КСРО-ның
ыдырауы шаруашылық байланыстарының
үзілуіне, өндірістің қысқаруына және
жоғары инфляцияға әкелді. Қазақстан
бағаны ырықтандыруға, жекешелендіруге,
ұлттық валюта - теңгені енгізуге, кеден
қызметін, салық жүйесін және басқа да
мемлекеттік және нарықтық институттарды
құруға кірісті. Осы өзгерістер ұлттық
экономиканың институционалдық негізін
қалады, бірақ олар әлеуметтік шығындармен
қатар жүрді. Елдің экономикалық дамуы
мен әлемдік экономикаға интеграциялануы
үшін Қазақстанды жаңа мемлекет ретінде
халықаралық мойындауға және БҰҰ (1992),
ЕҚЫҰ (1992), Дүниежүзілік банк (1992), ХВҚ
(1992), ЕҚҚДБ (1992), Азия Даму Банкі (1994), ИЫҰ
(1995), ИДБ (1995) қоса алғанда халықаралық
ұйымдарға енуіне байланысты жаңа
мүмкіндіктер ашылды. Қазақстан ТМД
қалыптастыруға және посткеңестік
кеңістіктегі басқа да интеграциялық
бастамаларға қатысты.
1997–2007
жылдар: мұнай-газ секторы мен шетелдік
инвестициялар негізінде экономикалық
көтерілу. Ірі
мұнай-газ кен орындарын игеру, капитал
түсімі және қолайлы әлемдік жағдаят
Қазақстанның экономикалық өсіміне
маңызды факторлар болды. Ұлттық қорды
құру және инфрақұрылымды дамыту елдің
экономикалық мүмкіндіктерін нығайтты.
«Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдау
арқылы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
қалыптастырылды. Интеграциялық
процестерге қатысуды кеңейте отырып,
Қазақстан ШЫҰ-ға (2001) мүше болды. Сонымен
бірге экспорттың, инвестициялық
белсенділіктің және бюджеттік кірістердің
шикізат секторына тәуелділігі күшейе
түсті.
2008–2014
жылдар: әлемдік қаржы дағдарысының
салдарын еңсеру және экономиканы қалпына
келтіру. Жаһандық
дағдарыс (2008) Қазақстан экономикасының
сыртқы күйзелістерге және шикізаттың
әлемдік бағасының ауытқуына осалдығын
көрсетті. Қаржылық резервтерді пайдалану
және мемлекеттік қолдау шаралары елдегі
экономикалық жағдайды тұрақтандыруға
ықпал етті. Осы кезеңде инфрақұрылым
мен көлік-логистикалық байланыстарды
дамыту жалғасты, бірақ экономиканы
әртараптандыру мәселесі бұрынғыдай
өзекті болып қала берді. Қазақстан Кеден
одағын (2010) қалыптастыруға қатысты,
сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» (2013)
бірыңғай бастамасының бір бөлігі болған
«Жібек жолы экономикалық белдеуі»
ауқымды жобасы аясында Қытаймен және
басқа да серіктестермен сауда-экономикалық
ынтымақтастықты кеңейтті.
2015–2019
жылдар: экономиканы әртараптандыру
әрекеттері және институционалдық
реформалар. Мұнайдың
әлемдік бағасының төмендеуі (2014) өңдеу
өнеркәсібіне, агроөнеркәсіптік кешенге,
көлік дәліздеріне, шағын және орта
бизнеске деген қызығушылықты күшейтті.
Іскерлік ахуалды жаңғырту, жекешелендіру
және жақсарту бағдарламалары іске асыру
сатысында болды. Халықаралық саудаға
қатысуды кеңейту және шетелдік
инвестицияларды тарту мақсатында
Қазақстан ДСҰ-ға (2015), Азия инфрақұрылымдық
инвестициялар банкіне (2015), Кеден одағының
базасында құрылған Еуразиялық экономикалық
одаққа (ЕАЭО) (2015) кірді. Алайда шикізаттық
емес салалардың дамуы өнімділік,
өндірісті технологиялық жаңарту және
бәсекеге қабілеттілік мәселелерін
тежеді.
2020–2022
жылдар: COVID-19 пандемиясы, қалпына келтіру
және инфляциялық қысым. Пандемия
халыққа және бизнеске қолдау көрсету
шараларын қабылдауды талап етті.
Экономиканы кейіннен қалпына келтіру
ішкі сұраныстың өсуімен бірге жүрді,
бірақ инфляциялық қысым және жаһандық
жеткізу тізбегіндегі іркілістерге ішкі
нарықтың жекелеген сегменттерінің
осалдығы күшейе түсті.
2023–2026
жылдар: экономикалық өсуді жеделдету
және құрылымдық сын-қатерлерді сақтау.
2025
жылы Қазақстанның нақты ЖІӨ 6,5%-ға өсті.
Өсім өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте
және саудада байқалды. Алайда экономикалық
белсенділіктің кеңеюі әзірге шикізатқа
тәуелділікті еңсеруді білдірмейді, ал
инфляция халықтың нақты табысына әсер
етуін жалғастыруда. 2026 жылдың тоғыз ай
қорытындысы бойынша экономика өсімі
4,2% құрады. Ол 5,4% өскен шикізаттық емес
сектор есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және
сауда қызметтері ең жоғары қарқынды
көрсетеді. Олардың ЖІӨ-нің өсуіне қосқан
жиынтық үлесі 75% артық құрады. Елімізде
экономика құрылымының біртіндеп
трансформациясы жүріп жатыр. Диверсификация
саясатының арқасында 2025 жылдың қорытындысы
бойынша ЖІӨ құрылымында мұнай өндіру
үлесі 7,8%-ға дейін қысқарды, ал 2026 жылдың
бірінші жартыжылдығының қорытындысы
бойынша өңдеу өнеркәсібі үлесі 14,1%-ға
дейін өсті, ал тау-кен қазу өнеркәсібінің
үлесі 12,4% құрады. Инвестициялар өсу
драйвері болып қалады. 2026 жылдың тоғыз
айы ішінде негізгі капиталға салынған
инвестициялар 7%-ға өсті. Инвестициялардың
өсуіне негізгі фактор 18,2%-ға өскен жеке
инвестициялар болды. Сауда балансының
оң динамикасы төлем балансының ағымдағы
шотының жағдайын жақсарту және бюджет
тапшылығын азайту үшін алғышарттар
жасайды.
Өткен жолдың негізгі қорытындылары мен сабақтары
Тәуелсіздік
жылдары ішінде Қазақстан ұлттық
экономиканы қалыптастырды, мемлекеттік
және қаржы институттарын құрды, біршама
инвестицияларды тартты, ірі мұнай-газ
кен орындарын игерді, қаржы резервтерін
жинақтады және көлік инфрақұрылымының
дамуын қамтамасыз етті.
Алайда әлемдік
экономикалық дағдарыстардың тәжірибесі
шикізат кірістеріне тәуелділіктің елді
сыртқы жағдаяттың өзгеруіне осал
ететінін көрсетті. Сонымен бірге ЖІӨ-нің
өсуінің жоғары қарқыны азаматтардың
күнделікті әл-ауқатында көріне бермейді.
Сондықтан
Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі
негізгі мәселе экономиканың өсу қарқынына
емес, өсу сапасы мен көздерінде жасалады,
өйткені оның нәтижелерінің халықтың
өміріне нақты әсер етуі өте маңызды
болып саналады.
Жаңа даму кезеңінің басымдықтары
Қазақстанның
одан әрі тұрақты экономикалық дамуы
үшін мыналарды қамтамасыз ету қажет:
еңбек өнімділігі
мен өндірістің технологиялық деңгейін
арттыру;
бәсекеге
қабілетті өңдеу өнеркәсібін және
шикізаттық емес экспортты дамыту;
жеке секторды,
бәсекелестікті және кәсіпкерлік
бастаманы нығайту;
мемлекеттік
шығыстардың тиімділігін арттыру және
бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін
азайту;
инфляцияны
тежеу, халықтың нақты табысының өсуі;
өңірлік
айырмашылықтарды қысқарту және адами
капиталға инвестицияны ұлғайту;
көлік, энергетика
және су шаруашылығы инфрақұрылымын
дамыту.
Республика
күні – бұл тек өткен жолды бағалауға
ғана емес, жаңа міндеттерді айқындауға
да себеп. Елдің
экономикалық дамуының жаңа кезеңі
табиғи ресурстар есебінен ұлттық
экономиканы дамыту моделінен өнімділікке,
технологияларға, адами капиталға және
отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне
негізделген экономикаға көшуіне
байланысты болуға тиіс. Дәл осы
экономикалық өсудің сапасы, оның
тұрақтылығы және халықтың әл-ауқатын
арттыру қабілеті тәуелсіз Қазақстанның
дамуының ұзақ мерзімді нәтижелерін
айқындайды.
Азамат
Нұрсейітов, Экономикалық зерттеулер
институтының жетекші ғылыми қызметкері