Реттеушілік әсерді талдау. Нормативтік жұмысқа қатысатын мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған оқыту семинарлары.
22.10.2026
Ағымдағы жылдың 15 және 22 қыркүйегінде Институт алаңында реттеушілік әсерді талдауды қолдану практикасы бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Семинарлар интерактивті дәрістер мен практикалық сабақтар форматында тұрақты өтеді. Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді норма шығару процесінде РӘт рәсімін практикалық қолдануға үйрету.Семинар бағдарламасына кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі; кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу құралдары, РӘТ-ті халықаралық деңгейде енгізу, РӘТ құрылымының құрамдас элементтері, РӘТ рәсімін орталық және өңірлік деңгейлерде өткізу тәртібі сияқты тақырыптар кіреді. Семинарлар барысында РӘТ түрлері зерттелді және әрбір түрі бойынша кейстер қаралды: 1) жаңа реттеу құралдарын енгізу және реттеуді күшейту кездегі РӘТ; 2) қайта қарау тәртібімен РӘТ; 3) мiндеттi талаптар тiзiлiмiне енгiзiлген қолданыстағы реттеушi актiлерге (ТРА) талдау жүргiзу кезiндегі РӘТ; 4) балама ретінде РӘТ.
Семинарға 11 мемлекеттік органның (оқу-ағарту, денсаулық сақтау, қаржы, экология және табиғи ресурстар, сауда және интеграция, энергетика, мәдениет және ақпарат, жасанды интеллект және цифрлық даму, су ресурстары және ирригация, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар министрліктері) 30 қызметкері, сондай-ақ Алматы қаласы және Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстары әкімдіктерінің 12 өкілі қатысты.
Семинарға қатысушылар реттеушілік әсерге талдау жүргізу және практикалық жағдайлар бойынша талқыланған мәселелерге үлкен қызығушылық танытты. Семинарды РӘТ бойынша сертификатталған жаттықтырушы, экономика ғылымдарының кандидаты, Сараптама орталығы директорының орынбасары Айгүл Ербатырқызы Асенова және Сараптама орталығының жетекші сарапшысы Ақмоншақ Қалиева дайындап, өткізді.
Қарау саны: 19 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|