Институтта экстремалды ауа райы құбылыстарының Орталық Азия халқының әл-ауқатына әсері талқыланды

23.10.2026

Бүгін Экономикалық зерттеулер институтында «Экстремалды ауа райы құбылыстары және Орталық Азиядағы үй шаруашылықтарының осалдығы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада Азия даму банкінің (АДБ) климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі аға экономисі, Ұлыбританиядағы Эссекс университетінің экономика саласындағы философия докторы (PhD) Дина Ажғалиева баяндама жасады.


Семинар барысында сарапшы экстремалды ауа райы құбылыстарының Орталық Азияның бес еліндегі халықтың әл-ауқатына әсерін зерттеу нәтижелерін таныстырды. Зерттеу үй шаруашылықтарына жүргізілген панельдік сауалнамалардың деректеріне негізделіп, құрғақшылықтың, жауын-шашынның шамадан тыс көп түсуінің, аптап ыстық пен қыстың қатты суық болуының салдарын қамтиды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, құрғақшылық, жауын-шашынның мол түсуі және қыстың қатты суық болуы халық табысының төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар қыстың қатты суық болуы азық-түлік тапшылығы қаупін арттырса, аптап ыстық әсіресе табысы төмен үй шаруашылықтарына айтарлықтай әсер етеді. Ауыл шаруашылығынан түсетін табыстың азаюы мен азық-түлік бағасының өсуі де қосымша тәуекелдер туғызады.

Дина Ажғалиева бұған дейін Жапониядағы Азия даму банкінің институтында, Сингапур ұлттық университетінде, Рединг университетінде және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде қызмет атқарған. Оның ғылыми қызметі климаттың өзгеруі, көміртегі шығарындылары және орнықты экономикалық даму мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Семинар Орталық Азия елдеріндегі климаттық тәуекелдер мен олардың әлеуметтік-экономикалық салдарына қатысты зерттеу нәтижелерімен танысуға мүмкіндік берді.


Қарау саны: 20
Сақталған: 23.10.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!