Жетісу облысы 2022 жылғы 8 маусымда құрылды. Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. Аумағының ауданы 118,5 мың шаршы км. Облыс елдің оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігі мен батысында Алматы облысымен, солтүстігінде Абай облысымен шектеседі.
Облыстың
әкімшілік-аумақтық құрылымына 8 аудан,
Талдықорған және Текелі облыстық маңызы
бар 2 қала, Жаркент, Сарқан, Үшарал және
Үштөбе аудандық маңызы бар 4 қала,
сондай-ақ 350 ауылдық елді мекен кіреді.
Жетісу
облысының негізгі бәсекелес артықшылықтары
– тиімді шекаралық орналасуы, едәуір
жер және су ресурстары, сондай-ақ
агроөнеркәсіптік кешенді, көлік-логистикалық
инфрақұрылымды, жаңартылатын энергетиканы
және туризмді дамыту әлеуеті.
Өңір
аумағы арқылы Қытайды Орталық Азия
елдерімен және Ресеймен байланыстыратын
көлік бағыттары өтеді. Халықаралық
сауда мен логистиканы дамыту үшін
қосымша мүмкіндіктерді «Қорғас» шекара
маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы
және «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы
экономикалық аймағы туғызады. Аталған
объектілердің дамуы сыртқы экономикалық
байланыстарды, көлік-логистикалық
инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін
кеңейтуге ықпал етеді.
2026
жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс
халқының саны 682,2 мың адам. Урбандалу
деңгейі 46,1%-ға жетті, бұл ретте ауыл
халқының үлесі 53,9%-ды.
Демографиялық
ахуал көші-қон кетуі сақталып отырған
жағдайда халықтың оң табиғи өсімімен
сипатталады. 2026 жылғы қаңтар–тамызда
табиғи өсім коэффициенті 1 000 адамға
шаққанда 6,95-ке жетті (республика бойынша
орташа мәні – 8,28). Туу коэффициенті 1
000 адамға шаққанда 14,12-ге (ел бойынша
орташа есеппен – 14,70), өлім-жітім
коэффициенті 7,17-ге (тиісінше 6,42) жетті.
Аталған кезеңде көші-қонның теріс
сальдосы - 8 057 адам. Осылайша, халықтың
оң табиғи өсімі сақталып отырғанына
қарамастан, көші-қон кетуі өңірдің
негізгі демографиялық сын-қатерлерінің
бірі болып қала береді.
2026
жылғы II тоқсанда облыстағы орташа айлық
атаулы жалақы 377,8 мың теңге, бұл
республикалық орташа деңгейден (486,4 мың
теңге) төмен. Халықтың жан басына
шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы
180,1 мың теңгеге жетті (ел бойынша орташа
есеппен – 263,7 мың теңге). Табысы ең төмен
күнкөріс деңгейінен төмен халықтың
үлесі 7,2%-ке, республикалық орташа
көрсеткіштен (5,0%) асты, жұмыссыздық
деңгейі 4,6%-ке (тиісінше 4,5%) жетті. Халық
табысының салыстырмалы түрде төмен
деңгейі еңбек өнімділігін арттыру,
жоғары өнімді жұмыс орындарын құру және
халықтың әл-ауқатын арттыру мүмкіндіктерін
кеңейту қажеттігін туындатады.
2026
жылғы I жартыжылдықтың қорытындысы
бойынша Жетісу облысының жалпы өңірлік
өнімі 1,09 трлн теңге. ЖӨӨ құрылымында
өнеркәсіптің үлесі 13,7%-ке, оның ішінде
өңдеу өнеркәсібінің үлесі 11,2%-ке жетті.
Көтерме және бөлшек сауданың, автомобильдер
мен мотоциклдерді жөндеудің үлесі
12,1%-ке, жылжымайтын мүлікпен жасалатын
операциялардың үлесі 10,4%-ке, көлік және
қоймалаудың үлесі 8,6%-ке, білім берудің
үлесі 8,0%-ке, ауыл, орман және балық
шаруашылығының үлесі 6,6%-ке, мемлекеттік
басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік
қамсыздандырудың үлесі 5,0%-ке тең болды.
Жетісу
облысының өнеркәсіптік әлеуеті тамақ
өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы шикізатын
қайта өңдеуді, аккумулятор, цемент,
керамикалық плитка және құрама жем
өндірісін дамыту есебінен қалыптасады.
Өңірдің ірі кәсіпорындарының қатарына
«Кайнар АКБ» ЖШС, «Алацем» ЖШС, «Алмаз
Керамикс» ЖШС, «Агрокомплекс «Жетысу
Мажико» ЖШС және «SSA Feed Mills» ЖШС жатады.
2026
жылғы қаңтар–қыркүйекте өнеркәсіптік
өндіріс көлемі 363,6 млрд теңгеге, негізгі
капиталға салынған инвестициялар көлемі
270,7 млрд теңгеге, құрылыс жұмыстарының
көлемі 192,6 млрд теңгеге жетті.
Облыстың
ең ірі инвестициялық жобаларының
қатарына құны 1,3 трлн теңгеге
«Шоғырландырылған құрылыс тау кен
компаниясы» ЖШС тау-кен байыту комбинатын
салу, құны 330 млрд теңгеге «Қазақстан-Қытай
халықаралық өнеркәсіптік қаласы»
жобасын іске асыру, Достық станциясында
құны 29 млрд теңгеге логистикалық парк
салу, сондай-ақ гидроэнергетиканы
дамыту, оның ішінде Көксу өзенінде СЭС
салу жатады.
Өнеркәсіппен
қатар агроөнеркәсіптік кешеннің де
әлеуеті зор. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлердің ауданы 4,5 млн га, оның ішінде
528,9 мың га – егістік. Жер және су
ресурстарының болуы өсімдік шаруашылығын,
мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға жағдай
жасайды. Перспективалы бағыттар - ауыл
шаруашылығының өнімділігін арттыру,
қайта өңдеу өндірістерін дамыту және
жоғары қосылған құны бар дайын өнім
шығаруды ұлғайту.
Туризм
– өңірді дамытудың перспективалы
бағыттарының бірі. Алакөл және Балқаш
көлдерінің, Жоңғар Алатауы тау сілемінің,
«Жоңғар-Алатау» және «Алтынемел» ұлттық
табиғи парктерінің болуы жағажай,
экологиялық және тау туризмін дамыту
үшін қолайлы жағдай жасайды. Туристік
инфрақұрылымды одан әрі дамыту және
қызметтер сапасын арттыру облыстың
табиғи-рекреациялық әлеуетін толығырақ
пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен
қатар Жетісу облысының одан әрі
әлеуметтік-экономикалық дамуын бірқатар
жүйелі проблема тежейді. Негізгі
сын-қатерлерге халық табысының
салыстырмалы түрде төмен деңгейі және
тұрақты көші-қон кетуі жатады. Су
шаруашылығы және коммуналдық инфрақұрылымды
жаңғырту, оның ішінде электрмен жабдықтау,
жылумен жабдықтау және су бұру желілерінің
тозуын азайту мәселелері өзекті болып
отыр.
Жетісу
облысының перспективалары ең алдымен
аграрлық, транзиттік-логистикалық және
туристік әлеуетті неғұрлым тиімді
пайдаланумен байланысты. Ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеуді, «Қорғас» және
«Достық» шекаралық тораптары базасында
көлік-логистикалық инфрақұрылымды,
сондай-ақ туристік инфрақұрылымды
дамыту өңірдің экономикалық базасын
кеңейтуге және жоғары қосылған құны
бар өнім мен қызметтер шығаруды ұлғайтуға
мүмкіндік туғызады.
Облысты
одан әрі дамытудың негізгі міндеті –
қолда бар табиғи, жер және транзиттік
артықшылықтарды экономикалық өсу мен
жұмыспен қамтудың орнықты көздеріне
айналдыру. Ірі инвестициялық жобаларды
іске асыру, инженерлік инфрақұрылымды
жаңғырту, қайта өңдеу өндірістерін
дамыту және жоғары өнімді жұмыс орындарын
құру халық табысының артуына, облыстың
экономикалық әлеуетінің нығаюына және
көші-қон кетуін қысқарту үшін жағдай
қалыптастыруға ықпал етеді.