Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің тақырыптық отырысына қатысты

18.11.2026

2026 жылғы 17 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің «Өңірлердің теңгерімді дамуы: аумақтық теңсіздікті төмендетудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы тақырыптық отырысы өтті.

Отырысты Комитет төрағасы Әмірбек Оспанбеков жүргізді. Оның жұмысына Құрылтай депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Отырыста негізгі назар өңірлік дамудың қорытындыларына, сақталып отырған аумақтық диспропорцияларға және ел өңірлерінің теңгерімді дамуын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне аударылды.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Басқарма төрағасы Біржан Баткеев, Басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов пен Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры Нұрболат Құрметұлы қатысты.

Негізгі баяндамамен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков сөз сөйледі. Баяндамада өңірлерді дамытудың өткен жылғы қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттер, аумақтардың әлеуетін іске асыру мәселелері және өңірлік саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Отырыс аясында сондай-ақ Абай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстары әкімдерінің орынбасарлары сөз сөйлеп, тиісті өңірлерді дамыту мәселелері бойынша ақпарат берді.

Отырыс барысында Комитет төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған өңірлік даму міндеттерінің маңыздылығын атап өтті.

Талқылау барысында ҚР Құрылтайының депутаттары Экономикалық зерттеулер институты жүргізіп отырған Өңірлік стандарттар жүйесіне жыл сайынғы мониторинг жасау жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізді.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет өңірлерді теңгерімді дамытуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін олардың бәсекелестік артықшылықтары негізінде іске асыруға қатысты тәсілдерді жетілдіруге бағытталған ұсынымдарды жариялады.



Қарау саны: 44
Сақталған: 19.11.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!